Қырғызстанда халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды

cover Фото: ІІМ ҚР

Қырғызстанда халықаралық іздеуде жүрген логистикалық компанияның иесі ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қашқын қазақстандықты ұсталғаны туралы көрші елдің қауіпсіздік күштері хабарлады. 40 жастағы кәсіпкерге пара берді деген айыппен Антикор іздеу салған болатын.

Тергеушілер күдіктінің тауарды шекара арқылы кедергісіз тасымалдау үшін кеден қызметкерлеріне 16,5 мың доллар бергенін анықтады.

ҚР ІІМ мәліметінше, қазір қашқын Бішкекте. Ол жақын арада Қазақстанға экстрадицияланады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар