«Қырғыздардың шешімі»: Көкпар сайысы Көшпенділер ойындарынан алынып тасталды
Фото: Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметі
Қазақ көкпары 2026 жылғы Көшпенділер ойындарының жарыс бағдарламасында болмай шықты. Бұл шешімді қырғыз тарапы шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы спорт журналисті Аслан Қаженов Facebook-арнасында жазды. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпарды болдырмау қырғыз тарапының шешімі көрінеді. Сол себепті журналист алдағы жылы көрші елде өтетін ойындарға мүлде бармауды ұсынып отыр.
«Біреудің көңіліне қарап, шапқылай беретін шама жоқ. Ұлттық спортымыз – ұлттық рухымыз. Егер оны керек қылмаса, онда бізге ондай ойынның да керегі жоқ. Одан да өзіміздің ішкі чемпионаттар бар, халықаралық турнирлер бар, әлемдік жарыстар бар. Cоны өткізе берейік. Өзіміз насихаттап, өзіміз көтермелейік. Бәрін шешетін өзіміз ғой» дептжазды ол.
Аслан Қаженов Қазақстанда өткен Көшпенділер ойындарында көкпар да, көкбөрі де болғанын айтты. Ал, Қырғызстанда өтетін жарыста көкбөрі ғана болмақ.
Еске салайық, былтыр қыркүйекте Қазақстанда өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ-қырғыз көкпаршылары дүрбелең шығарып, төбелесті. Содан көп ұзамай жеңіліп қалған Қырғызстан көкбөрі федерациясының өкілдері Қазақстан көкпаршыларын қарымта ойынға шақырған еді.
Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Канада премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
- 2027 жылы Астанада УЕФА-ның 51-құрылтайы өтеді
- ХОК шеттетілген украиналық скелетоншыға Олимпиадада қалуға рұқсат берді
- Threads-та жаңа функция пайда болады
- «Дулығасында соғыста қаза тапқан спортшылардың портреті бейнеленген»: Украиналық скелетоншы Олимпиададан шеттетілді
- Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша апелляциялық сот отырысының шешімі шықты
- Қазақстан Қырғызстаннан жерді 49 жылға не үшін жалға алмақшы?
- Ресейде бірден бірнеше ірі платформалар бұғатталды
- Қазақстандықтар былтыр тоннадан аса алтын сатып алған
- Түркістанда көшенің қақ ортасында атыс болды
- Есепші бүтіндей мемлекеттік кәсіпорын ақшасын бәске тігіп жіберді
- Жаңа Конституция күні 15 наурызда аталып өтуі мүмкін
- Маңғыстау облысында есірткі жеткізумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
- Қазақстанда жаңа Конституция жобасы жарияланды
- Пезидент UAE SWAT Challenge–2026 халықаралық жарысында жоғары нәтиже көрсеткен командаларды құттықтады
- TikTok-та танылған Талғар әкімі қызметінен кетті
- Садыр Жапаров Конституциялық сотқа жүгінді
- Дәрігер ауруханада 13 жастағы қызға азғындық жасаған: Істің жай-жапсары
- Доллар неге күрт арзандап кетті?
- Тарихи жеңіс: Қазақстандық арнайы жасақтар Дубайда өткен турнирде алтын және күміс жүлдеге ие болды