Қылмыстық іс қозғалды: Шымкентте көшенің қақ ортасында бір топ жас жігіт жаға жыртысты

cover Фото: Бейнеден кадр

Шымкентте жол үстінде бір топ адам төбелесті.  Жас жігіттердің төбелесі түсірілген бейнежазба желіде тарап кетті, деп хабарлайды Orda.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол үстінде жүргізушілер арасында жанжал туындаған. Полицияның хабарлауынша, төбелес шығарғандар анықталып, бөлімшеге жеткізілген. «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қалалық полиция төбелеске қатысы бар әр адамның тиісті жазасын алатынын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар