Құрылыс салушыларға тұрғын үйді қолма-қол ақшаға сатуға тыйым салынуы мүмкін
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет бұл салаға қыруар қаржы құйып жатқандықтан, Қазақстанда тұрғын үй құрылысы саласын ретке келтіретін уақыт жетті деп есептейді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Жұманғарин «Taldau Talks» подкастында айтты. 2001 жылдан бастап Қазақстанда құрылыс салушылар тұрғын үйді сату кезінде ҚҚС бойынша жеңілдікке ие болды, нақтырақ айтқанда олар оны төлеуден босатылған.
Қазір Мәжілісте қаралып жатқан жаңа Салық кодексі жобасында құрылыс компанияларына 12 пайыздық ҚҚС салу ұсынылып отыр.
«Құрылысшылар алаңдап, инфрақұрылымдық төлем ұсынды, яғни тұрғын үй санатына байланысты шаршы метрі 40 доллардан 60 долларға дейінгі баламалы салықты ұсынды. Бірақ, ашығын айтқанда, бізді салық емес, пәтерлерді сату жағдайы көбірек алаңдатады», - деді Жұманғарин.
Министрдің айтуынша, құрылыс салушылар тұрғын үйді қолма-қол ақшасыз төлеммен сатуы керек.
«Әр тұрғын үй кешені жеке ЖШС, дегенмен бас компания бренд ретінде әрекет етеді және барлық пәтерлерді сату жеке кәсіпкерлер арқылы өтеді. Сондықтан бұл мәселені енді Салық кодексі аясында шешетін боламыз. Салатын компания оны B2C ретінде және қолма-қол ақшасыз төлеммен сатуы керек», - деді ол.
Подкаст жүргізетін Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Жұманғариннен Қазақстанда салық көтерілгеннен кейін тұрғын үй бағасы қымбаттай ма, деп сұрады. Министр бағаның сөзсіз көтерілетінін қуаттап, бұл мәселенің өзекті екенін әрі депутаттармен талқыланатын айтты.
«Атамекен» ҰКП басшысы Райымбек Баталов құрылыс саласы экономикаға мультипликативтік әсер ететінін, алайда бұл салада сұр нарықтың да үлесі қомақты екенін, сондықтан мәселені шешу қажеттігін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы 20 ақпанда Мәжілістің қарауына ресми түрде түскен болатын. Бұл пакеттегі негізгі өзгерістердің қатарында ҚҚС-тың ұлғаюы, оны төлеу шегінің төмендеуі және шағын бизнес үшін шектеулер бар.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның іскер топ өкілдерімен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы Үкіметтің ҚҚС мөлшерлемесін көтеру жоспары туралы айтты. Ол үкімет ұсынған 20 пайыздық мөлшерлеме тым жоғары болғандықтан салықты әлі де саралау керек екенін айтты.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады