Құрылтай: депутаттарға қойылатын талаптар қандай болады
Фото: ҚР Конституциялық соты
Астана қаласында өтіп жатқан Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында Ерлан Қарин жұмыс тобының атқарған ісіне тоқталды, деп хабарлайды Orda.kz Конституциялық сотқа сілтеме жасап.
«Бүгін жұмысын бастағалы отырған Конституциялық комиссия – осыған дейін жарты жыл бойы жұмыс істеген Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының заңды жалғасы», - деді Ерлан Қарин.
Сондықтан, алдымен осы жұмыс тобының жалпы қызметі мен оның аясында атқарылған шараларға туралы Қарин айтқан парламенттік реформа мен депутаттарға қойылатын талаптардың негізгі тұстарына тоқталсақ.
Жаңа бірпалаталы парламентті қазақ парламентаризмінің тарихи тамырын айқындау мақсатында Құрылтай деп атау ұсынылып отыр. Құрылтай құрамында 145 депутат болады. Депутаттарға қойылатын негізгі талаптар қазіргі Мәжілістегі талаптармен бірдей болып қалады, яғни жасы 25-тен кем болмауы және ел аумағында кемінде 10 жыл тұрақты тұруы міндет.
Қосымша талаптар конституциялық заңда бекітілуі мүмкін.
«Өздеріңіз жақсы білетіндей, былтыр 8 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бір палаталы парламентке көшу туралы бастама көтерді. Мұны ел азаматтарының көпшілігі қолдады. Қазан айында Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген зерттеуге сүйенсек, респонденттердің 70 пайызға жуығы осы идеяға қолдау білдірген. Бір айдан кейін 8 қазанда президент өкімімен парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы құрылды», - деді ол.
Сайлауларды тек партиялық тізімдер бойынша өткізу ұсынылады. Сайлау жүйесі толықтай пропорционалды болады. Бұл партиялардың рөлін күшейтіп, олардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Депутаттардың өкілеттік мерзімі — 5 жыл. Бұл мерзім парламентті жүйелі түрде жаңартуға ең қолайлы деп танылған.
Еске салсақ, былтыр 14 қазан күні жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Оған президент арнайы қатысты. Сол отырыста жұмыс тобының мүшелері ауқымды өзгерістер Конституцияның бірнеше бөлімін қамтитынына назар аударды.
Осыған орай азаматтардың ұсыныс-пікірін жинақтау үшін e-Otinish және eGov порталдарында «Парламенттік реформа» деген арнайы бөлім ашылды. Сонымен қатар бұл іске Заңнама және құқықтық ақпарат институты, Стратегиялық зерттеулер институты тартылды. Бұл құрылымдар парламентаризмге қатысты халықаралық тәжрибені бір ай бойы мұқият зерделеді. Жұмыс тобы мүшелеріне алдағы реформаға қатысты өз ұсыныс-пікірлерін әзірлеуге бір ай уақыт берілді.
Нәтижесінде е-Otinish және eGov порталдары арқылы азаматтар мен қоғам белсенділері тарапынан 600-ден астам ұсыныс түскен. Былтыр 20 қарашада мемлекет басшысы парламенттік реформа жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. Президент азаматтардан, сарапшылардан және қоғам белсенділерінен түсетін ұсыныстардың барлығын жан-жақты зерделеуді тапсырды.
Биылғы 12 қаңтарда мемлекет басшысы парламенттік реформа бойынша кезекті жұмыс кеңесін өткізді. Президент конституциялық реформаға қатысты түпкілікті шешімді еліміздің азаматтары жалпыхалықтық референдумда қабылдайды деп нақты айтты.
Биылғы 19 қаңтарда жұмыс тобының алтыншы, қорытынды отырысы өтті. Оған мемлекет басшысы өзі қатысты. Жұмыс тобының мүшелері президентке атқарылған жұмыстар туралы баяндап, ортақ ұстанымдарды таныстырды. Президент бұл ұстанымдарға қолдау білдіріп, көп ұзамай қосымша өз ойларын да ортаға салатынын айтты.
Ерлан Қариннің айтуынша, осылай жұмыс тобы жарты жыл бойы белсенді жұмыс істеп, парламенттік реформаға қатысты мәселелерді 6 отырыста жан-жақты талқылапты.
Оқи отырыңыз:
- Еліміздегі жаңа лауазым: вице-президенттің өкілеттіктер ауқымы айқындалады
- Эльвира Азимова: Конституциялық комиссия алдында айрықша миссия тұр
- Ата заңға Халық Кеңесіне арналған жеке бөлім енгізу ұсынылды
Жаңалықтар
- Интернет-алаяқтыққа қарсы конституциялық кепілдік қажет — Жақып Асанов
- Құрылтай: депутаттарға қойылатын талаптар қандай болады
- Ата заңға Халық Кеңесіне арналған жеке бөлім енгізу ұсынылды
- Еліміздегі жаңа лауазым: вице-президенттің өкілеттіктер ауқымы айқындалады
- Прокурорлар мен тергеушілер адвокаттық лицензия алу үшін аттестациядан өтеді
- Эльвира Азимова: Конституциялық комиссия алдында айрықша миссия тұр
- Сыбайлас жемқорлық қылмыстарына күдікті кеден қызметкері Испаниядан Қазақстанға экстрадицияланды
- Ұлттық банк төрағасы: «Бәйтерек» несиелерінен инфляция өршімейді
- Талдықорғанда Қытай туы мен Си Цзиньпиннің портретін өртегендердің соты басталды
- Испаниядағы теміржол апаттарынан бес күнде 40-тан астам адам қаза тапты
- Түркістанда дәрігерлер 8 айлық сәбидің денесінен ине тапты
- Медициналық сақтандыруға қатысты даудан кейін қорды Гүлмира Сәбденбек басқаратын болды
- Қатты аязға байланысты Астанадан шығатын бес республикалық тасжол жабылды
- Абу-Дабиде Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер басталды
- Серік Сәпиев өзінің орынбасарымен болған жанжалға қатысты пікір білдірді
- Кәмелет жасқа толмаған қыз қаза тапты: Ұлынан айырылған ана әділдік іздеуде
- Мас кезінде көлік айдаған судья жұмысынан босатылды
- «Шымкенттегі бойжеткеннің қазасы»: Нұрайдың өліміне қатысты жаңа баппен іс қозғалды
- Балқаш ЖЭО-сы экологиялық заңбұзушылықтар үшін 21 млн теңгеге жуық айыппұл төледі
- Қарағандыда Серік Сәпиев өз орынбасарымен төбелесіп қалды