Құлыбаевтың Halyq Bank-і «халық» сөзін заңсыз пайдаланып жүр — депутат
Фото: Olympic.kz
Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов Halyq Bank атауына «халық сөзін» қолдану заңға қайшы деп есептейтінін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәжіліс отырысында депутат Марат Бәшімов Halyq Bank атауы азаматтарды шатастыруы мүмкін екенін айтып, банк атауынан «Халық» сөзін алып тастауды ұсынды. Оның пікірінше, «халық» сөзі – Конституциялық ұғым, сондықтан оны жеке меншік құрылымдар пайдаланбауы тиіс.
«Менен бір сарапшы сұрады: «Неге Halyq Bank-ке «халықтың банкі» деген атауды беріп қойғансыздар?»,- дейді. Азаматтық кодексте Қазақстан Республикасы атынан атау қоюға тыйым бар. «Халық» деген ұғым – Конституциялық термин. Халық атынан сөз сөйлеп, көпшілікке шыға алтын тұлғалардың саны шектеулі. Ал бұл банк халықтың атын өздеріне алған, «Халықтың банкіміз» деп елді шатастырып жүр. Қарапайым адам «Халық банк» деген халықтың банкі екен деп ойлайды. Кешіріңіз, кім оған ондай атау қоюға рұқсат берді? Әділет министрлігі осыған кірісіп, атауды қайта қарап, талқылауға шығару керек. Ол «халық» сөзін қолдана алмайды. Өйткені бұл –конституциялық термин. Әділет министрлігі қорытынды берсін», — деді депутат.
Бұл ұсынысқа жауап берген Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәселе заңнамалық тұрғыдан тексеруді қажет ететінін атап өтті.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады