Құлсарыда 7 жастағы қызды зорлап өлтірген ер адам өмір бойына сотталды
Фото: Бейнеден кадр
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Зарема Хамидуллина Құлсарыда болған қанды қылмысқа кінәлі адамды өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиға 2025 жылдың 5 маусымында болған еді. 7 жастағы қыз достарымен ойнап, үйге қайтар жолда сотталушымен кезігіп қалады. Сол маңдағы бейнекамераға ер адам мен қыздың бір бағытта кетіп бара жатқаны түсіп қалған.
Мас ер адам қызды зорлап, қылмысын жасыру үшін оны өлтіреді. Қыздың денесі 12 сағаттан кейін Құрсай өзенінің маңынан табылды.
Тергеу мәліметінше, 35 жастағы ер адам қыздың денесінен «құтылғаннан» кейін, дүкеннен ішімдік сатып алып, досының ауласында ұйықтап қалған.
Сот-медициналық сараптама ұрып-соғу, жыныстық зорлық-зомбылық және күштеп суға батыру белгілерін анықтады. Сотталушы кінәні мойындамады. Бірақ оның кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, бейнежазбалармен және сараптама нәтижелерімен толық дәлелденді.
Сот үкімімен ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Сот жәбірленушінің пайдасына 20 000 000 теңге өндіріп алды.
Айта кетейік, Қарағандыда 15 жастағы қызбен неке қиған мұғалім 17 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы