ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады

cover Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдеріндегі қауіпті жағдайға қарамастан сол жақтарға сапарлауға әрекеттеніп жатқан қазақстандықтар бар екенін айтып, ескерту жасады, деп хабарлайды Orda.kz.      

Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев баспасөз мәслихатында айтты. 

Ол Қазақстан азаматтарына арналған нұсқаулықты жариялап, Бахрейн, Мысыр, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы, Кувейт, Ливан, Бірікке Араб Әмірліктері, Оман және Сирияға барудан бас тартуға шақырды. 

Айта кетейік, эвакуация басталғалы бері уәкілетті мемлекеттік органдар әуе компаниялардың көмегімен 8 жарым мыңнан аса отандасымыз елге қайтарылды. 

Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Алдағы күндері Израильден - 78, Қатардан - 350, Біріккен Араб Әмірліктерінен - 550 және Сауд Арабиясынан 300 адамды эвакуациялау жоспарланған.

Оқи отырыңыз: 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар