Қостанайда ер адам полицейді пышақтады

cover Фото: Pexels

Қостанайда 33 жастағы ер адам полиция қызметкерін пышақтаған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады. Ұсталған ер адам — жергілікті тұрғын.

Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанайда әйелі мен енесін қатыгездікпен өлтірген ер адам 19 жылға сотталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар