Қостанайда әйелі мен енесін қатыгездікпен өлтірген ер адам 19 жылға сотталды
Коллаж: Orda.kz
Қостанай облысында өз әйелін және енесін аса қатыгездікпен өлтірген ер адам 19 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қылмыстық іс Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Тергеу дерегінше, айыпталушы үйінде болған жанжал кезінде әйеліне және енесіне бірнеше рет пышақ сұғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Екі әйел де алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмған.
Сот ер адамды Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі, 5 және 13-тармақтары бойынша — «аса қатыгездікпен екі адамды өлтірді» деген айыппен кінәлі деп таныды.
Сот хабарламасында: «Сотталушының жеке басы мен қоғамға қауіптілік дәрежесі ескеріліп, оған 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді» деп жазылған.
Процесс кезінде айыпталушы кінәсін жартылай мойындады. Сонымен қатар, сот жәбірленушілердің туыстарының моральдық өтемақы туралы талабын қанағаттандырды.
Жаңалықтар
- «Өз халқынан именетін мемлекеттің қасіретті халі»: Дуров Ресей билігіне жауап қатты
- Атырау облысындағы қанды қылмыс: Ата-енесін өлтірді деп күдікке ілінген ер адам Индонезияда ұсталды
- Пәкістанда полиция көлігіне жасалған шабуылдан 6 құқық қорғау қызметкері қаза болды
- Отбасы банк тұрғын үй кезегіндегілерге арналған ережелерді күшейтті
- Иранда әскери тікұшақ базарға құлады
- Кәсіпкерден ақша бопсалаған: Маңғыстауда ҰҚК полковнигі 11 жылға сотталды
- Ресей мен Украина арасындағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етті?
- Яна Легкодимованы өлтіргендерге апелляциялық сот шешімі шықты
- Үндістанда медициналық ұшақ апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты
- Оралдық әйел телефонына қосымша жүктеймін деп 5 млн теңгесінен айырылды
- Мемлекет басшысы Эстония президенті Алар Каристі Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- Зеленский соғыс басталған алғашқы күндері жұмыс істеген орнын көрсетті
- «Қарым-қатынас өзара келісіммен болды»: Зорлау айыбы тағылған шенеунікке қатысты тың дерек
- Тоқаев референдумда барлық азаматқа тең жағдай жасауды тапсырды
- Қазақстанда мектеп оқушыларына 11 күн демалыс беріледі
- Бишімбаев ісіндегі прокурор атынан жалған видео таралып жатыр
- Жоспарлы оқу-жаттығу: Ертең Алматыда дабыл қағылады
- Интернет-алаяқтықпен айналысқан астаналық әйел сотталды
- Ресей Павел Дуровқа қатысты қылмыстық іс қозғады
- Атырауда АИТВ жұқтырған екі трансгендер адам ақылы интим қызмет көрсеткен