Қостанай облысында ҚТЖ қызметкерлері бас бостандығынан айырылды

cover бейнежазбадағы кадр

Бейімбет Майлин аудандық соты ҚТЖ Қостанай локомотив депосы – «Жүк тасымалы» ЖШС филиалының бастығы Махмұтовқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады. ҚТЖ-ның басқа қызметкерлері де сотталды: басшының орынбасары Сырманов, жылу инженері Серікқұл және Тобыл стансасындағы жанармай қоймасының меңгерушісі Елеусінов.

Оларға дизельдік отын мен теміржол кранын жөндеуге бөлінген ақшаны ұрлады деген айып тағылды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 12 миллион теңге.

Махмұтов, Сырманов және Елеусінов үш жылдан төрт жыл алты айға дейін бас бостандығынан айырылды, ал Серікқұл үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды.

Ақша мен дизель ұрылары өмір бойына қызмет атқару құқығынан айырылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар