Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы ұсталды
Фото: gov.kz
Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы бастығы Данияр Жандаев қамауға алынды. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов бұл оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Экс-басшы бір ай бұрын ғана жұмыс орны мен тұрғылықты жерінің өзгеруіне байланысты қызметінен кеткен. Алайда, Құмар Ақсақалов оның жұмыстан шығу себебін ашық түсіндірді.
«Денсаулық сақтау жүйесі жалпы схемалар бойынша жұмыс істейді. Олар мемлекеттік сатып алуды өздері реттейді. Жандаев түрлі себептермен жұмыстан шығарылды. Оның бірі — сатып алу саласындағы кемшіліктер. Әр медициналық мекемедегі бақылау кеңестері бәрін көріп, естіп, біліп отыруы керек. Сатып алынатын жабдыққа қажеттілік бар-жоғын түсіну маңызды. Бақылау көп болуы керек», — деді өңір басшысы.
Сыбайлас жемқорлыққа күдікті Жандаев Астанада қолға түскен.
Данияр Жандаев облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне 2022 жылдың тамызында тағайындалды. Ол бұған дейін екі жыл бойы Қостанай қалалық ауруханасының басшысы қызметін атқарған.
Айта кетейік, АҚШ соты Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың ұлын кінәлі деп таныды.
Жаңалықтар
- Арнайы ХҚКО басшылығы жүргізуші куәлігі үшін пара алып, сотты болды
- Наурыздағы бата мен тілек: Дәстүрдің мәні неде?
- Қазақстанда несие беру талаптары жаңартылды
- Бұрынғы шенеунік Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады
- Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады
- АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін теңіз жаяу әскерін пайдалануы мүмкін
- Атырауда техниканы жалға алып, ломбардқа өткізген екі әйел ұсталды
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан