Қосшы тұрғындарының талабын елемеген экс-басшы Степногорск қаласына әкім болды

cover Фото: insagram/ stepnogram

Ақмола облысының Степногорск қаласының әкімі ауысты. Жаңа әкім болып Гайдар Қасенов тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Жаңа әкім Ақмола облысы әкімінің өкімімен Президент әкімшілігімен келісе отырып және мәслихат депутаттарының келісімімен тағайындалды.

«Бүгінде қала әкімінің жылыту маусымындағы басты басымдығы әлеуметтік нысандар мен тұрғындарды жылумен үздіксіз және тұрақты қамтамасыз ету»,  — деді жаңа әкімді таныстырған Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов.

Сонымен қатар, Степногорск қаласының әкімдігіне инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру және кәсіпкерлік саласын дамыту, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы бойынша нақты жұмыстарды жүргізу тапсырылды.

Айта кетейік, көктемде Қосшы тұрғындары су мен жарықтың жоқтығынан наразы болғанын жазған болатынбыз. Ал сол кездегі қала әкімі Гайдар Касенов тұрғындарға қаладағы мәселелерге жауап бермек түгілі, тұрғындардың өтініштерін де елемей қойған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар