Қорғалжын ауданында Жәнібек ханның сүйегі қайта жерленді

cover Фото: Бейнеден кадр

Кеше, 10 қыркүйек күні Қорғалжын ауданында Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібек ханның сүйегі қайта жерленді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ақмола облысы баспасөз қызметі салтанатты рәсімге елге танымал тарихшылар мен ғалымдар қатысқанын мәлімдеді. Іс-шараны ұйымдастыруға Қорғалжын ауданының әкімдігі, Қорғалжын ауданының мәслихаты, сондай-ақ Ақмола облысы мәдениет басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы тікелей қатысты. Қайта жерлеу рәсімі имамның қатысуымен мұсылмандық әдет бойынша өтіп, құрбандық шалынған.

«Бұл – елдік пен рухани жаңғырудың жарқын көрінісі, ұлттық тарихымызды ұлықтау жолындағы маңызды қадам», — деп хабарлады әкімдік. 

Рәсім барысында Жәнібек ханның рухына Құран бағышталды. 

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз қызметі әйелдер туралы сөзінің қоғамда туғызған талқысына түсініктеме берді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар