Қопадағы оқушы өлімі: Кінәлілер түрмеден босап шықты
Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы Нұржан Сыдықтың өліміне қатысты сотталғандардың бәрі жазасын бостандықта өтейтін болды. Апелляция кезінде үкім жеңілдеп, қамауға алынған үш жасөспірім де абақтыдан шығарылды.
Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық іс үкімін апелляциялық тәртіпте қайта қарады.
Іс бойынша 6 айыпталушы бар. Олардың бәрі де жоғары сынып оқушылары. 13 жәбірленушінің бірі 14 жастағы Нұржан Сыдық алған соққыдан қайтыс болды. Кәмелетке толмағандар ісі жабық тәртіпте қаралған еді.
“Б”, “Т”, “Ж”, “Ж-1”, “Қ” есімді сотталушылар ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі 1,3-тармақтары бойынша, яғни топ болып бірнеше рет бұзақылық жасау және 28-бап 3-бөлігі – 106-бап 3-бөлігімен қасақана денсаулыққа зиян келтіріп, абайсызда өлімге әкелген деп айыпталды.
“М” есімді сотталушы ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігімен абайсызда өлімге соққан қасақана дене жарақатын келтіруге қатысты кінәлі деп танылды.
https://kaz.orda.kz/kopadagy-okushy-olimine-katysty-is-zhabyk-rezhimde-karalady-131138/
Қопа ауылында оқушы өліміне қатысты соттың бірінші сатыдағы үкімінде үш оқушы - 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Тағы үшеуі - ауыр бап бойынша ақталды, бірақ “бұзақылық” бабымен кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген еді. Сонымен қатар, бір сотталушының ата-анасы жәбірленуші тарапқа 5 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, апелляциялы іс жәбірленуші тараптың адвокаттары және сотталғандар мен олардың заңды өкілдерінің шағымдары негізінде қаралды. Шағымда сотталушылардың кәмелетке толмағандығын, кінәсін мойындағандығын және жәбірленуші тараппен медиациялық келісім жасағандығын ескеріп, жазаны жеңілдетуді сұраған.
Апелляциялық сот үкімді өзгертіп, ҚК-нің 63-бабы негізінде сотталғандардың жазаларын шартты деп есептеді. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды.
Еске салсақ, оқиға 2024 жылдың қыркүйек айында Ақтөбе облысының Темір ауданында болды. Қопа ауылында 9-сынып оқушыларына жоғары сыныптағылар соққыға жыққан. Соққы салдарынан, 9-сынып оқушыларының бірі алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Оқиғадан кейін мектеп директоры мен аудандық білім бөлімінің басшысы өз еркімен қызметтен кетті. Аудан әкімі мен облыстық білім басқармасы қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды.
Апелляциялық қаулы заңды күшіне енді.
Авторы: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады