Конор МакГрегор Ирландия президенттігіне үміткер болмақ
Фото: Instagram / Conor Mcgregor official
UFC-дің бұрынғы чемпионы, әйгілі ММА жекпе-жек шебері Конор МакГрегор Ирландия президенттігіне сайлауға түсуге шешім қабылдады. Өзінің өткір пікірлерімен танымал МакГрегор бұл шешімін X платформасында (бұрынғы Twitter) жариялап, жұмысшылардың, шағын бизнестің және отбасылық құндылықтарды қорғауға уәде берді, деп хабарлады Orda.kz.
«Мен бұл туралы бұрын айтқанмын және қазір қайта айтамын: ирланд халқының байлығын тартып алғандардан жауап алатын уақыт келді. Жұмысшылардың, отбасылар мен шағын бизнес қорғаушыларының сөзі жететін болады!» деп жазды МакГрегор өз мәлімдемесінде.
Егер ол сайланса, қажет болған жағдайда, парламенттің төменгі палатасын таратуға ниетті екенін де жеткізді. Ол сондай-ақ Ирландияға халық мүддесін белсенді қорғайтын президенттің қажет екенін атап өтті.
«Мен — жалғыз дұрыс таңдау. 2025 жыл жақындап қалды, мен іс-әрекетке дайынмын», — деді спортшы.
МакГрегордың жазбасы X желісінде бірден танымал болып, 80 мыңға жуық лайк пен 11 мың репост жинады.
Алайда, МакГрегор сайлауда жеңіске жетсе де, оның өкілеттілігі шектеулі болмақ. Парламенттік республика болып саналатын Ирландияда негізінен президенттің ресми міндеттері ғана бар, ал нақты билік премьер-министрдің қолында.
Конор МакГрегор — әлемге әйгілі аралас жекпе-жек шеберлерінің бірі. Спорттағы жетістіктерінен бөлек, ол өзінің өткір пікірлері мен рингтен тыс арандатушылық әрекеттерімен де танымал болды.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады