Композитор Еркеш Шәкеев «Замандас» пен «Курсивті» сотқа берді
Фото: Facebook.com (@Yerkesh.Shakeyev)
Танымал композитор Еркеш Шәкеев өзіне қатысты жалған ақпарат таратып, отбасының беделіне нұқсан келтіргені үшін «Замандас» подкасты мен «Курсив» басылымын сотқа берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Еркеш Шәкеев өзінің Facebook парақшасында «Курсив» пен «Замандасқа» қарсы сотқа шағым түсіріп жатқанын айтты. Оның сөзінше, олар композитордың әрекеттерін бұрмалап көрсетіп, абыройын түсіріп, отбасылық беделіне нұсқан келтірген.
«Мені «Замандас» подкастында әртістерге өз әндерін орындауға тыйым салатын және жоғары гонорар талап ететін адам ретінде көрсетті. Бұл — өтірік. Парвиз Назаров пен Карина Абдуллина осы мәлімдемелердің шындыққа жанаспайтынын растады», — деді Шәкеев.
Сондай-ақ, Шәкеев A’Studio тобының мүшелері мен Байғали Серкебаевпен болған қақтығыстар туралы сөздерді де жоққа шығарды. Композитор «Курсив» материалдарының астында оның қызы мен отбасын қорлайтын 200-ден астам пікір пайда болғанын атап өтті. Ол болып жатқан жағдайды әдейі жасалған ақпараттық шабуыл деп санап, медиа әрекеттеріне құқықтық баға беруге ниетті екенін айтты.
«Менің атым мен беделім — менде бар жалғыз нәрсе. Мен тек шығармашылықпен айналысамын және өмір жолымда адал болуға тырысамын. Ар-намысым мен отбасымды ешкімге таптатпаймын», — деді композитор.
Бұған дейін біз Еркеш Шакеевтің саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне жоспарланған концерті ресми түсініктеме берілмей, тоқтатылған жазған едік. Билеттер сатылымы іс-шарадан бірнеше апта бұрын алынып тасталды.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады