Қомақты қаражат пен пәтер ұтысы туралы call-орталық арқылы хабарлаған алаяқтар ұсталды
Фото: Polisia.kz
Астанада ірі «ұтыс» туралы хабарлап, ақша сұрап жүрген алаяқтық байланыс орталығы жойылды, деп хабарлайды Orda.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алаяқтық байланыс орталығы астаналық бизнес орталықтарының бірінде орналасқаны бегілі болды.
«Алаяқтар өздерін «Technosmart», «Bison», «Like me shop» интернет-дүкендерінің қызметкерлеріміз деп таныстырып, ұтып алған көлік пен пәтерге салық аудару туралы хабарласқан.
Жедел іс-шара барысында кеңсенің алты қызметкері ұсталды, олардың барлығы Қазақстан азаматтары. Жеті ноутбук, роутер және Wi-Fi тәркіленді», деп мәлімдеді полиция.
Сонымен қатар, хабарланғандай, Жетісу өңірінде полиция қызметкерлері ҰҚК қызметкерлерімен бірлесе отырып, интернет-алаяқтық үшін sim-box құрылғыларын пайдаланғанын анықтады.
Алаяқтық байланыс орталығы Астанадағы бизнес орталықтарының бірінде орналасқан.
Тінту кезінде 96 ұясы бар жеті sim-box құрылғысы, қазақстандық ұялы байланыс операторларының 50 мыңнан астам сим-карталары, жеті ұялы телефон, екі ноутбук, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде ұрланды деген екі ИЖ-53 пневматикалық тапаншасы мен төрт әскери каска тәркіленді.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Жалпы биылғы жылы киберқылмысқа қарсы күрес бөлімдерінің қызметкерлері 64 sim-box құрылғысын алаяқтықпен пайдалану фактілерін анықтап, жолын кесті, отандық ұялы байланыс операторларының 90 мыңға жуық SIM картасы тәркіленді», - деп қосты полиция.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады