Кісенді өздері сатып алуға мәжбүр. Полицейлер шағымданды

cover Facebook

Алматыдағы полицейлер жеке қаражаттарына жұмыс істеуге арналған кісендер мен үстелдер сатып алып, кішкентай жалақыларына жөндеу жұмыстарын жасайды. Бұл туралы тіркелмеген Қазақстан мұсылмандары одағының басшысы Мұрат Телібеков полиция бекеттеріне барғаннан кейін өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Мұрат Телібеков түсіндіргендей, ол Алматы полициясы департаментінің жанындағы консультативтік-кеңесші органның мүшесі, ол өзінің қызметі шеңберінде аудандық полиция бөлімшелерінде болып, полицияның шағымдарын тыңдады. Атап айтқанда, ішкі істер органдарының көптеген қызметкерлері кісендерді өз ақшаларына сатып алуға мәжбүр.

– Ақылға қонымсыз! Неге Қазақстанда кісен тапшы? Полиция қызметіне жаңадан келіп қосылған жас жігіт (сержант) айына 70 000 теңге жалақы алады. Мұндай ақшаға қалай өмір сүруге болады?! Отставкадағы полиция подполковнигі 120 000 теңге зейнетақы алады, - деді Телібеков.

Оның айтуынша, полицияға берілген формалар сапасыз, сондықтан полицейлер дүкеннен өз ақшаларына форманы да сатып алуға мәжбүр. Жиһаз бен тұрмыстық техниканың тозуына байланысты қызметкерлер кондиционерлерді, тіпті жұмыс үстелдерін сатып алады. Жөндеу жұмыстарын да өз ақшаларына жасайды, - деді Мұрат Телібеков.

– Еден жуушылар да жоқ. Учаскелік полицейдің өзі швабра алып, еден жуады. Полиция қызметкерлері кеңсе тауарларын (қарындаштар, степлер, қағаз) өз қаражаттарына сатып алады. Аудандық полиция бөлімдерінде демалыс бөлмелері, душ, асхана жоқ. Душ кабинасы мен диваны бар демалыс бөлмесі басшының кеңсесінде ғана тұр. Ішкі істер министрлігінің санаторийі таратылды. Көлік жетіспейді. Кезекшілікте жеке көлік құралдарын пайдаланатын қызметкерлерге бензин үшін өтемақы төленбейді. Полицейлер кеңседе демонстрациялық стендтерді өз қаражаттары есебінен жасайды, - деп мұсылмандар одағының басшысы шағымдарды тізіп берді.

Сондай-ақ, күзетшілерден түскен шағымдардың ішінде Мұрат Телібеков бейнетіркегіштердің сапасыздығы, жылына 8000 теңге тұратын газеттерге міндетті жазылу және «Динамо» стадионына міндетті жарналар - жылына 1500 теңге туралы да айтты.

Белсендінің айтуынша, қарапайым полиция қызметкерлері «шағымдары мен тілектерін білдіруден қорқады».

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар