«Қазақтың ұл-қыздары көшеде өлмесін»: Қаржаубай Нұрымов Тоқаевқа үндеу жолдады
Фото: Airan Media/ бейнеден кадр
16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс қоғамда әлі де қызу талқыланып жатыр. Оның әкесі Қаржаубай Нұрымов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, ұлының өліміне қатысты әділ сот талап етті, деп жазады Orda.kz.
Бұл үндеуді оның қарындасы Перизат Нұрымова көпшілікке жариялады.
«Құрметті президент мырза, Конституция кепілі ретінде сізден әділ сот сұраймын. Бауыр етім – інімді, одан кейін ұлымды жоғалттым. Бірақ әділетсіздікпен күресуден бас тартқан емеспін. Өз отбасымды, жақындарымды қорғауға тырыстым. Желтоқсан айында тек інімнің ісі әділ тергелуін талап еттім. Бұған дейін қызметінен кеткендер – ескі жүйенің қалдықтары. Сондықтан әділетті Қазақстанға сеніп, күресуді жалғастырдым. Сізден сұрайтыным – соттың әділ өтуі. Қазақтың ұл-қыздары көшеде өліп қала бермесін», деп жазылған Қаржаубай Нұрымовтың үндеуінде.
2023 жылдың қараша айында Алматы облысының Талғар ауданында жасөспірімдер арасындағы жанжалдан кейін 16 жастағы Шерзат Болат көз жұмды. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, көпшілік тергеудің әділ өтуін талап етті.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады