Қазақтарды «мамбет» деп кемсіткен қарағандылық Аликаға прокурор 4,5 жыл сұрады
Коллаж: Orda.kz
Threads желісінде жазған жазбасы үшін қарағандылық Алика Мухамадиеваға прокурор 4,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Прокурор Фарида Садуова Мухамадиеваның әлеуметтік желідегі жазбалары азаматтардың діни және ұлттық сезімге тигенін мәлімдеді.
««Ол өз жазбаларын iPhone 15 Pro Max телефонынан жариялады, лақап аты — "Алика Августова". Жазбалар кең аудиторияға жететінін түсіне отырып, ислам дінін ұстанатын және қазақ ұлтына жататын адамдардың қадір-құрметін төмендететін сөздер жазды», – деді Фарида Садуова.
Сараптама мәтіндердің қоғамда теріс пікір тудыруы және діни алауыздыққа әкелуі мүмкін екенін анықтаған.
Мемлекеттік айыптаушы Мухамадиеваға 4 жыл 6 ай мерзімге жалпы режимдегі түзету мекемесінде жазаны тағайындауды сұрады. Сонымен қатар, прокурор оның екі жасар қызы бар екенін ескеріп, жазаны толық өтемей уақытша босатуды ұсынды.
«Заң баламалы жазаны қарастырады — бостандықты шектеу немесе айыппұл. Айыппұлдың шекті мөлшері шамамен 12 млн теңге, бірақ сот жеңілдететін жағдайларды ескере отырып, аз мөлшерде тағайындай алады» — деді Мухамедиеваның адвокаты Тимур Солодуха.
Мухамадиева отырыста көзіне жас үйіріліп, барлығынан кешірім сұрады.
«Мен қоғам алдында, әсіресе мұсылмандар мен қазақ ұлтының өкілдерінен қатты ұяламын. Менің ешкімді ренжітейін деген ниетім болмады, бірақ сөздің қаншалықты ауыр жаралайтынын түсіндім».
Ол өзі күйзеліске ұшырап, жазбаларын әжесінің қайтыс болғанына байланысты жариялағанын жеткізді. Ол тергеумен бастапқы күннен бастап толық ынтымақтастықта болғанын, сөздерін ешқашан жоққа шығармағанын айтты.
«Қазір мен әр сөздің салмағы барын түсінемін. Мен ешқашан кемсіту немесе алауыздық тудырған адамдардың қатарында болмағанмын. Мен өз кінәмді түсіндім. Қазір кішкентай қыз тәрбиелеп отырмын, ол менің жанымда болмады. Бұл мен үшін шынайы сабақ болды», — деп мәлімдеді Мухамадиева.
Сот соңында ол жазаны өтемеуді немесе мүмкін болса, кейінге қалдыруды сұрады. Келесі отырыс 3 қарашада өтеді.
Айта кетейік, Қазақстанда әлеуметтік желілерде, әсіресе Threads-та, қазақша сөйлеуді талап ететін азаматтарға «казахшасөйлешник» деп айдар тағып, түрлі теріс пікір жазатындар көбейген. Осы тақырыпта қоғам арасында дау туып, тілге және ұлтқа қатысты тіл тигізген желі қолданушыларына азаматтар арыз жазуда.
Осындай өрескел іспен қамалған қарағандылық модель Алика Мухамадиеваға (Alika_Augustova) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру») бойынша іс қозғалды.
Жаңалықтар
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы