Қазақстандықтар енді «Назарбаев резиденциясында» демала алады

cover Фото: Ақорда

Бір кездері тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың резиденциясы болған, кейін Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметов тұрған екі қабатты үй сатылымға шығарылды.

Бұл туралы Hola News хабарлайды.

Сатылымға шығарылған мүліктің 3 шілдедегі бастапқы бағасы 1 115 893 000 теңгеден басталады. Бұрынғы әкімшілік ғимаратты туристік және инвестициялық хабқа айналдыру жоспарлануда.

Мүлік әлеуетті инвесторға сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беріледі. Ол жөндеу жұмыстарын жүргізіп, инженерлік желілерді тексеріп, конференц-зал, коворкингтер, қонақ үй бөлмелері, сауда павильондары, бассейндер мен мейрамханалар салуы керек. Жөндеу және іске қосу үш жыл ішінде кемінде 800 миллион теңгені қажет етеді деп күтілуде.

Туристерге арналған кешеннің нақты ашылу күні әлі жарияланған жоқ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар