Қазақстандықтар «әдемі» автонөмірлерден ақшасын аямады: Бюджетке қанша кіріс кірді?

cover Фото: DALL-E

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар үшін мемлекеттік нөмірдегі әріп мен сандарды өзгертуге мүмкіндік туды. Бұл жаңа формат көлік иелері арасында үлкен қызығушылық тудырды, деп хабарлайды Orda.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

5 қаңтар күні Қазақстандағы арнайы ХҚКО-ларда жаңа қызмет енгізілуіне байланысты сұраныс күрт артты. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы да ХҚКО-ларда қызметке жүгінгендер ағыны көбейгенін мәлімдеді. 

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, қаңтар айында көлік жүргізушілерден 144 329 өтінім түскен. Оның 137 631-і жаңа нөмір алған. Ал оларды рәсімдеу бюджетке 5 952 540 750 теңге кіріс әкелген.

Сондай-ақ ведомство ең көп сұранысқа ие әдемі сандар туралы статистика жүргізілмейтінін хабарлады.

Айта кетейік, 43 250 теңгеге 123 AZA 01, 321 ERA 02, 069 ARA 03 секілді мемлекеттік нөмірлерге тапсырыс беруге болады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар