Қазақстандағы ВТБ банкіне Еуроодақ санкция салды

cover Фото: әлеуметтік желі

Еуроодақтың Ресейге қарсы санкциясына Қазақстандағы ВТБ банкі де ілінді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Шешім 2025 жылдың 2 желтоқсанында күшіне енеді. Бұл туралы мәлімет ЕО-ның ресми журналында жарияланды. 

Санкция тізімінде Беларусьте және Шанхайда орналасқан ВТБ-ның еншілес банктері де бар. ВТБ банк Қазақстан нарығында 16 жыл жұмыс істеп келеді. Елдің ірі қалаларында 12 филиалы бар.

ВТБ – бұған дейін Батыс елдерінің санкциясына ұшыраған ресейлік ВТБ тобына еншілес банк. 

Айта кетейік, ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың бұйрығымен полиция полковнигі Талғат Шаяхметов Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар