Қазақстанда 17 жасқа толған жігіттер бірден әскери есепке алынады
Иллюстрация DALL-E нейрожелісі арқылы жасалды
Қорғаныс министрлігі 28 қазаннан бастап 17 жасқа толған кез келген жігітті туған күнінде автоматты түрде әскери қызметке тіркейді, деп хабарлайды Orda.kz.
Енді қазақстандық жасөспірімдерге әскери есепке тұру үшін жеке әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ. Қазақстанда әскерге шақырылушылар мен әскерге баруға міндеттілерді әскери есепке алу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Жаңа тәртіпке сәйкес, ер азаматтар 17 жасқа толған кезде олардың әскери есепке алынуы автоматты түрде жүргізіледі. Яғни, жеке барудың қажеті болмайды.
Қорғаныс министрлігінің 2025 жылғы 13 қазандағы №1427 бұйрығына сәйкес, азаматтың 17 жасқа толған күні ақпараттық жүйе оның электронды есеп картасын автоматты түрде қалыптастырады.
Жүйе өзге мемлекеттік дерекқорлардан мәлімет алады. Оның ішінде ЖСН, аты-жөні, туған күні мен жері, оқу орны немесе жұмыс орны, білімі, отбасылық жағдайы, жүргізуші куәлігі, сондай-ақ тіркеу мекенжайы туралы ақпарат бар. Бұдан бөлек, жүйе азаматтың денсаулығы, мүгедектігі, емделіп жатқаны және қылмыстық істер, тергеу не сот үкімдерінің бар-жоғын да тексереді.
Осыдан кейін азаматтың картасында автоматты түрде «әскерге дейінгі есептегі» мәртебесі белгіленеді. Ал тіркеу мекенжайы бойынша жергілікті әскери есеп органының атауы анықталады.
Мәлімет жүйеге енгізілген соң, аудандық немесе қалалық әскери есеп органдары оларды өздерінің есептік-әліпбилік кітаптарына тіркейді. Өзгерістер 2025 жылдың 28 қазанында күшіне енеді.
Бұған дейін қорғаныс министрлігі әскерді цифрландырудың жаңа кезеңі басталғанын хабарлаған болатын. Енді әскерге шақырылушылар әскери бөлімді интернет арқылы таңдай алады.
Еске сала кетсек, бұған дейін 5 қазан күні Алматы облысында қаза тапқан сарбаздың туыстары Алматы қаласындағы орталық мәйітханадан оның денесін ала алмай отырғанын хабарлады. Ресми деректерге қарасақ, 18 жастағы Нұрасыл Әнуар менингококцемия деген диагноздан көз жұмған. Жақындары бұл нұсқаға сенбейді.
Ал 17 қыркүйек күні Алматы облысы Жамбыл ауданының Отар горнизонында 19 жастағы жас сарбаз Шынарбек Дінмұхаммед Талғатұлы өзіне-өзі қол салды. Мүрдесін көруге ата-анасы Алматы қаласына келді. Orda.kz тілшісі марқұмның ата-анасымен сөйлесіп, жағдайға қатысты пікірлерін білді.
6 қазан күні Маңғыстаудағы «Үстірт» шекаралық бекетінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген Еркебұлан Сағындықов қаза тапты. Туыстары құзырлы мекемелердің берген жауаптарына сенбей, қатардағы жауынгерлерден күдіктеніп отыр.
Ал 23 қыркүйек Маңғыстау облысында 18 жастағы жас сарбаз Cұлтан Шынтеміров жындыханаға түсті.
Еске салсақ, Алматы қаласында №5571 әскери бөлімде мерзімді қызмет атқарып жүрген сарбаз ауыр жарақат алды, ол ғимараттың үшінші қабатынан секіріп кеткен болатын.
Жаңалықтар
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды