Қазақстан сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың жаһандық индексінде төменгі орында тұр

cover Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан сыбайлас жемқорлықты қабылдау жаһандық индексі бойынша төменгі орында, деп хабарлайды Orda.kz.

2026 жылғы 10 ақпанда Transparency International 2025 жылға арналған Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін (СЖҚИ) жариялады.

Индекс 182 ел мен аумақты қамтиды және сарапшылар мен бизнес-қоғамдастықтың бағалауларына негізделіп мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық  деңгейін 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша өлшейді. Бұл индекс елдер арасындағы сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін бағалау мен салыстыруға арналған негізгі халықаралық құрал.

«2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 100 мүмкін балдың 38-ін жинап, 182 елдің ішінде 96-орынға тұрақтады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі балға төмен. Салыстыру үшін айтсақ, алдыңғы шығарылымда (СЖҚИ–2024) Қазақстан 40 балмен 180 елдің ішінде 88-орында болған» деп жазылған хабарламада.

Қазақстанмен бірдей Эфиопия мен Суринам да 38 бал жинады. Қазақстаннан бір балға төмен (37 бал) Колумбия, Доминикан Республикасы, Гамбия, Лесото және Замбия орналасқан. Ал бір балға жоғары (39 бал) Мальдив аралдары, Марокко және Тунис бар.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар