Қазақстан ICАО нұсқасы бойынша авиациялық қауіпсіздік көшбасшыларының қатарына енді
Фото: icao.int
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICАО) 2025 жылғы 30 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында Қазақстанда жүргізілген кешенді аудит нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Тексеру қорытындылары бойынша елдегі ICАО халықаралық стандарттарына сәйкестік деңгейі 95,7% болды, ол кезде әлемдік көрсеткіш - 72,01%, ал ортаеуропалық - 87,92%. Бұрын Қазақстанда 83% ғана сәйкестік болған. Республика позициясын 12 тармаққа жақсартты.
ICАО деректеріне сәйкес, Қазақстан ТМД және Еуро-Азия өңірінің көптеген елдерін басып озды. Салыстыру үшін: Әзірбайжан - 74,66%, Өзбекстан - 85,47%, Қырғызстан - 85,76%, Грузия - 89,75%, Беларусь - 91,85%, Ресей - 94,14%. Көршілес мемлекеттер арасында ұқсас нәтижелерді БАӘ (98,4%), Катар (96,72%) және Сауд Арабиясы (94,41%) көрсетіп отыр.
Көлік министрлігінің мәліметінше, көрсеткіштердің өсуі 2019 жылы басталған саладағы реформалардың нәтижесі болды. Олардың ішінде - Қазақстанның Авиациялық әкімшілігін құру, мамандардың біліктілігін арттыру және тәуекелге бағдарланған қадағалау тетіктерін енгізу бар.
Жоғары рейтинг халықаралық авиакомпаниялар тарапынан сенімнің артуына және АҚШ-қа бағыттардың ашылуына ықпал етуі мүмкін. Қазақстан Нью-Йоркке тікелей рейстер ашу бойынша жұмыс жүргізуде.
Еске салсақ, былтырғы ұшақ апатына қатысты Халықаралық азаматтық авиация стандарттары (ICAO) Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен барлық мемлекет өкілдерін шақырып, тәуелсіз тергеу жүргізді.
Жаңалықтар
- Қазақстан ICАО нұсқасы бойынша авиациялық қауіпсіздік көшбасшыларының қатарына енді
- 9 қарашадағы Қазақстанның айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубль бағамы
- Енді миллионерлер Нью-Йоркте емес, Дубайда тұрады
- АҚШ-та жалақы алмаған ұшқыштар жұмысқа шықпай, ұшақтар тоқтап қалды
- Астанада 80 жастағы әйелді зорлап, өлтірген ер адам 9 жылдан кейін ұсталды
- Жолаушының қылжағына бола әуежайдың жұмысы тоқтап, бүкіл Атырау әуре-сарсаңға түсті
- Астанада қасбет құлап, жарақат алған екі адам жансақтау бөлімінде жатыр, бір фельдшердің жағдайы ауыр
- Назарбаевтан «мұраға» қалып, қоқысқа айналған шахталар мен ядролық нысандарды сату қиынға соқты
- Атырау облысында «Блогерлік тексеру» деп қорқытып, қомақты қаражат сұраған белсенді ұсталды
- Пауло Рикардо Кака футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкерлігінен кетті
- Ауыл бағдарламасы: малшылар ерте зейнетке шығып, балалары тегін оқып, әскери қызметтен босатылады
- Елена Рыбакина теннисті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін орденмен марапатталады
- Рыбакина тарихта тұңғыш рет Қазақстанды WTA финалына шығарды
- Көше тазаламаған Талғар әкіміне 39 мың теңге айыппұл салынды
- Жамбыл облысындағы фосфор зауытында жарылыс болды, зардап шеккендер жоқ
- Еуропа қақпасы жабылып, ресейліктер шенгеннен шеттетілді
- Қазақстан мен Қытай арасындағы автотасымалдауға шектеусіз рұқсат беріледі
- Трамп: Маған дейінгі президенттер Орталық Азия елдеріне лайықты көңіл бөлмеді
- Мәжілісте тендерге қатысқан депутаттарды түрмеге отырғызу ұсынылды
- Павлодарда құтқарушылар үйінді астынан ер адамның мәйітін тапты