Қазақстан Африка нарығына шығады: Тоқаев Гвинея-Бисау президентімен келісті

cover Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау президенті Оумара Сисоку Эмбаломен кездесті. Қос тарап келісімге келіп, ресми қол қойылды, деп хабарлайдыт Orda.kz.

Бастапқыда Тоқаев Африка континентіндегі Гвинея-Бисау маңызды рөл ойнайтынын айтты.

«Қазіргі халықаралық мәселелер бойынша біздің көзқарасымыз ұқсас және біз негізгі халықаралық құрылымдардағы, ең алдымен БҰҰ-дағы, сондай-ақ Ислам ынтымақтастығы ұйымындағы өкілдеріңізбен байланысымызды кеңейтуге дайынбыз», - деді мемлекет басшысы. 

Умар Сисоку Тоқаевқа өз елінің жастарын қазақстандық университеттерде білім алғанын қалайтынын айтты.

«Бұрын сіздің елде Гвинея-Бисау студенттері білім алған, олардың арасында техникалық мамандар да көп болатын. Біз осы саладағы ынтымақтастықты жалғастырғымыз келеді, өйткені Қазақстаннан үйренетін дүние өте көп». 

Кейін екі елдің президенті кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіп, ауыл шаруашылығы, логистика, тау-кен металлургия, қаржы және т.б. салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті. Сондай-ақ бірқатар құжаттар қабылданды:

  • дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері арасындағы визалық талаптардан босату туралы келісім;
  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Гвинея-Бисау Республикасының Сыртқы істер, халықаралық ынтымақтастық және қауымдастықтары министрлігі арасындағы саяси және дипломатиялық консультациялар туралы меморандум;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Айта кетейік, Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас осыдан 10 жыл бұрын орнатылған еді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар