Қазақстан 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға 12 жаңа лицензия жеңіп алды
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Енді ел қоржынында 23 лицензия бар, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстанның 2026 жылғы XXV қысқы Олимпиада ойындарына тағы 12 жолдама жеңіп алғаны туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді. Олар коньки тебу спортынан Әлем кубогының 14 қараша мен 14 желтоқсан аралығында АҚШ, Канада, Нидерланды және Норвегияда өткен кезеңдерінің қорытындысы бойынша алынды.
Лицензиялар спорттың мына түрлері бойынша бөлінген:
Ерлер:
500 метр - 1 лицензия.
Әйелдер:
500 метр - 2 лицензия;
1000 метр - 2 лицензия;
1500 метр - 2 лицензия;
3000 метр - 2 лицензия;
5000 метр - 1 лицензия;
Жалпы-старт - 1 лицензия;
Командалық жарыс - 1 лицензия.
Әр спортшының аты мен қатысушылардың соңғы санын құрама команданың бас жаттықтырушысы анықтайды. Қазіргі уақытта 2026 жылы Миланда коньки тебу спортында Қазақстан атынан бес спортшы қатысады деп күтілуде.
Бұған дейін екі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы - Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина әлем чемпионатында олимпиадалық нормативті орындап, елге мәнерлеп сырғанаудан екі лицензияны қамтамасыз еткен болатын. Сондай-ақ, қазақстандық шорт-трекшілер тоғыз лицензия алды. Барлық спортшылардың есімдерін рейтингтік сынақ бойынша жаттықтырушылар штабы анықтайды.
Олимпиадалық квоталардың жалпы саны 2026 жылдың қаңтарында бекітіледі.
Қысқы Олимпиада 2026 жылғы 6-22 ақпанда Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтеді. Оған 93 елден 3500 астам спортшы қатысады деп күтілуде.
Еске салсақ, Швейцарияның Цюрих қаласында Әлем чемпионаты-2026-ның топтық кезеңінің сызбанұсқасы анықталды. Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының финалдық турнирінің тізбесі белгілі болды.
«Қайрат» Чемпиондар лигасына жолдама алды.
«Қырғыздардың шешімі»: Көкпар сайысы Көшпенділер ойындарынан алынып тасталды.
Жаңалықтар
- Трамп Иран өркениеті «жойылуы» мүмкін екенін тағы мәлімдеді
- Перизат Қайраттың тағы бір көлігі мемлекет меншігіне өтті
- Такер Карлсон: «Сен кімсің, Трамп? Өзіңді Құдаймын деп ойлайсың ба?»
- Жезқазғанда «өрмекші адам»: Терезеден түспек болған ер адамды полиция әрең құтқарды
- 500 миллионнан аса заңсыз табыс: NBC TV қаржы пирамидасын тергеу ісі аяқталды
- АҚШ пен Израиль Иранның басты мұнай аралын атқылады
- Павлодарда жүргізушіні ұстаған видео дау тудырды
- «Сабырымыз шегіне жетті»: ИРСК АҚШ пен серіктес елдерге шүйлікті
- Стамбұлда Израиль консулдығы маңында атыс болды: Қаза тапқандар бар
- Түркістан облысында бірнеше полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты
- Трамптың қоқан-лоққысы және жүзеге аспай тұрған бітім: АҚШ–Иран соғысы қай кезеңде?
- Астанада 9 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
- Германияда қымыз ең жиіркенішті тағамдар музейіне тап болды
- Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды
- Еліміздің барлық өңірінде су тасқыны қаупі сейілді ме?
- Павлодар облысында сегіз әкім жауапкершілікке тартылып, 1,7 млн теңге айыппұл төледі
- Иранның жоғарғы жетекшісі ес-түссіз жатыр — The Times
- Дрондар Солтүстік Корея шекарасын кесіп өтті: Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президентінің кешірімін қабылдады
- Иран билікке қарсы тұлғаларға қатысты үкімді жеделдетпек
- Тоқаев Вьетнамның жаңа сайланған президентін құттықтады