Қазақша әндеткен АҚШ елшісі халықты сүйсіндірді

cover Фото: Азаттық

Ұлытау облысында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм қазақша ән салды.

Бұл туралы АҚШ елшілігінің Instagram парақшасына бейнеролигы жарияланды.

Елші Дэниел Розенблюм Ұлытау облысындағы сапарында, көлікте серіктерімен ән айтып, би билеген көңілді видеоларымен бөлісті.

Сапар барысында елші Нұр Мұқасанның «Той үстінде тәтті күндер» деген әнін шырқады. Бұдан бөлек елші өз еліндегі сақталған мәдениетпен де бөлісіп отырды.

«Жол саяхаты американдық мәдениеттің маңызды бір бөлігі. Қазақтар секілді америкалықтардың да ұзақ сапарда ән тыңдау дәстүрі бар. Қазақ елінде сапар кезінде тыңдайтын арнайы әндері бар секілді, американдықтардың да арнайы ән жинақтары бар» деп жазды елші.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар