Қазақ әйелі Моңголия депутаты атанды

cover Фото: facebook / Замира Сонгобайн

Замира Сонгобайн Моңғолия парламентіне сайланған тұңғыш қазақ әйелі болды.

«Номер один» сайтының хабарлауынша, ол 2023 жылы қабылданған заң бойынша сайланған 32 әйелдің қатарында. Жаңа сайлау заңы  бойынша парламент мүшелерінің үштен бірі әйелдер болуы керек. Бұны 2028 жылға қарай 40 пайызға дейін арттыру жоспарлануда.

Соңғы сайлауда сайлау округтері бірнеше аймаққа кеңейтілді, бірақ Моңғолия халқының 5 пайызын құрайтын қазақтар көп шоғырланған Баян-Өлгей облысы жеке округ болып қалды.

Қазақтар Моңғолияға Қытайдан 19 ғасырда қоныс аудара бастады. 1930 жылы оларға жеке аумақ бөлініп, 1940 жылы Баян-Өлгей аймағы құрылды. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстанға 20 мыңнан астам қазақ отбасы қоныс аударды. Қазір қазақтар халықтың 5 пайызын құрайды. Орыстар мен қытайлар сияқты басқа ұлттар Моңғолия халқының 1%-дан азын құрайды.

Бес баланың анасы, Моңғолия Іскер әйелдер қауымдастығының басқарма мүшесі Замира мамандығы бойынша экономист, ұзақ жылдар сауда саласында еңбек еткен. Ол сондай-ақ венгр-монғол сыртқы сауда компаниясына ие және 2007 жылдан бері тау-кен компаниясының ортақ иесі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар