Тоқаев Грузияның ішкі істер министрін қабылдады

cover Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның ішкі істер министрі Гела Геладзені қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Екі тарап кездесуде қылмысқа қарсы күрес бағытындағы екі жақты ынтымақтастық мәселесін талқылады. Сондай-ақ Тоқаев екі елдің қарым-қатынасы  тарих арқылы қалыптасқанын және Грузияя Қазақстан үшін Оңтүстік Кавказ елдері ішіндегі ең сенімді серіктесі екенін айтты.

Гела Геладзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа шетелдік туристердің, соның ішінде Қазақстан азаматтары қауіпсіздігін сақтау бойынша грузиялық құқық қорғау органдары атқарып жатқан жұмысы жөнінде мәлімет берді. Қазақстан мен Грузия ішкі істер министрліктері ұйымдасқан қылмысқа, есірткі тасымалдауға, киберқылмысқа және экстремизмге қарсы күрес, сондай-ақ озық тәжірибе алмасу, маман даярлау бағыттарында өзара ықпалдастықты нығайтуға ниетті.

Оқи отырыңыздар:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар