Каспий теңізінің деңгейі көтерілді
Фото: kazhydromet.kz
2024 жылы Атырау облысындағы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің деңгейі сәуір-мамыр айларында Жайық өзені бойына тасқын сулар ағыны есебінен 119 см-ге көтерілді.
Бұл туралы су ресурстары министрлігі хабарлады.
Сәуір-мамыр айларында Жайық өзені бойымен Каспий теңізіне шамамен 7,4 млрд текше метр су құйылды.
Тасқын суларды тиімді арнаға жіберу үшін Атырау облысындағы «Қазсушаруашылығы» филиалы қосымша каналдарды пайдаланып, олар арқылы теңізге 350 миллион текше метр су келді. Соколок каналының бойынан ұзындығы 14,5 шақырым қосымша арна тартылды.
Сондай-ақ, 12,4 млрд текше метр тасқын суы су қоймаларына, сағаларға және шабындықтарға жіберілді. Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаровтың айтуынша Балқаш көліне 3,3 миллиард текше метр су, Солтүстік Аралға жыл басынан бері 1,1 миллиард текше метрден астам су келді.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады