Каспий құбыр консорциумындағы төгілген мұнайдың салдары жойылды
Фото: Росприроднадзор
Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминал акваториясында болған мұнай төгілуінің салдарын жою жұмыстарының аяқталғанын хабарлады. Бұл туралы Orda.kz консорциумның баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазады. Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі тоқтады.
Еске салайық, алдыңғы күні Новороссийск қаласындағы Каспий құбыр консорциумы терминалында мұнай төгілген еді. Бұл терминал арқылы Қазақстан мұнайының басым бөлігі Еуропаға экспортталады.
Оқиғаның себептері мен төгілген мұнай көлемі әлі анықталып жатыр. Жиналған мұнай-сулы эмульсия кәдеге жаратуға жіберілді.
Белгілі болғандай, мұнай төгілуі танкерге жүктеу кезінде жүзбелі шлангтың жарылуы салдарынан болған.
Жою операциясына 13 сүйреткіш кеме, төрт шағын кеме, бес мұнай жинау қондырғысы, тоғыз жүзбелі сыйымдылық қатысқан. Сонымен қатар, 1000 метрден астам бонды қоршау орналастырылды.
Компания мәліметінше, мұнай төгілген орын жедел оқшауланған. Операция барысында және одан кейін де теңіз беті мен атмосфералық ауаның экологиялық жағдайы тұрақты бақылауда болады — тәулігіне кемінде екі рет сынама алынады.
Оңтүстік Озереевкадан Анапаның жағалауына дейінгі аумақтар тексерілді — мұнай іздері табылмады.
Ал Росприроднадзор мәліметінше, апат салдарынан Қара теңізге шамамен 30 текше метр мұнай құйылған. Қазіргі таңда оның таралу қаупі жоқ.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады