Каспий итбалығы қалай қорғалуда?

Каспий теңізінің итбалық үйірінде толықтыру жүргізіліп жатыр. Құлалы аралының жанындағы жайылымда Қызыл кітапқа енген Pusa caspica жануарлар әлемінің өкілі өмір сүреді. Наурыз айының соңында Баутино ауылының тұрғындарының көзіне халі ауыр итбалық түсті. Оның салмағы небары 4 кг болды, дегенмен оның жасы үшін қалыпты салмақ кем дегенде 10 кг болуы керек еді. Бір айдан кейін жануар еркін жүзуге қайта жіберілді.
Итбалық Ақтауда екі жыл бұрын ашылған арнайы орталықта оңалтудан өтті. Егер жануар қиыншылыққа тап болса, мұнда ветеринарлар мен зоологтар оған көмектесуге дайын. Orda.kz тілшісіне Орталық қызметкерлері аптасына бірнеше рет жағалау аймағын тексеріп, жараланған жануарларды тауып, оны шұғыл емдеуге жіберетіндігі мәлімдеді.
Мұнда итбалықтар пластикалық ванналарда өмір сүоеді, мұндағы су теңіз суымен теңестірілген. Айтпақшы, оларды толығымен оқшаулап тұрады, себебі ветеринарлар жануарлардың адамдарға үйреніп кетуіне жол бермеуге тырысады.
Бір жыл бұрын Ақтауда демалушылар фотосурет үшін итбалықты ұрып-соққан.
Итбалықтарды оңалту орталығы Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты ғалымдарының ұсынысымен ашылды, олар Каспий итбалығының жойылып бара жатқан популяциясын құтқару бойынша бірнеше бағдарлама әзірледі.

2020 жылы Каспий итбалығы ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде Қызыл кітапқа енгізілген.

Орталық қалалық жерде орналасқан, бірақ мұнда бәрі бірдей жете бермейді. «Палатада» мінсіз тазалық пен тыныштық сақталады, өйткені кез-келген сыртқы дыбыс немесе инфекция науқастың денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.
Зерттеу орталығында ауру итбалықтарға арналған алты бассейн, екі зертхана, ас үй және тәулік бойы кезекшілік ететін ветеринарлар бөлмесі бар.
Итбалық ветеринары Анелла Үмбет осы жұмыс үшін Ақтауға Алматыдан арнайы келді. Ол осындай орталықта ветеринар болып жұмыс істеуді армандаған.


— Каспий итбалығы Каспий теңізінің эндемигі ретінде қорғауды қажет етеді, өйткені оның саны айтарлықтай азая бастаған. Мәселе теңіз экологиясымен байланысты, себебі судың мұнай өнімдерімен ластануы, балық қорының азаюы, май үшін итбалықтарды аулау.
Каспий итбалығын Қызыл кітапқа енгізгеннен кейін браконьерлер қылмыстық жазадан қорқа бастады. Себебі ендігі жерде оларды аулағандарға сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделеді. Осыдан кейін жануарларға шабуыл жасау жағдайлары азайды, – дейді Анелла Үмбет.
ОАЭИ бас директоры Әділхан Тауасаров атап өткендей, жараланған немесе ауру итбалықтарды құтқаруға қала тұрғындары жиі көмектеседі. Олар сенім телефонына қоңырау шалады, балықшылар да жануардың торға оралғанын көрсе, бірден хабарлайды. Өйткені, әр жағдайда уақыттың маңызы зор.

— Біз жылжымалы ветеринарлық қызмет құруды жоспарлап отырмыз, өйткені итбалық екі-үш сағат ішінде тасымалдауға төтеп бере алмайтын жағдайлар кездеседі. Оны белгілі бір микроклиматта жүргізу керек, сол жерде алғашқы көмек және бақылау қажет. Сондай-ақ, біз Түркіменстан мен Атырауда итбалықтардың жатындары орналасқан екі стационарлық ветеринариялық шағын пункт ашқымыз келеді.
«Эко Маңғыстау» ҰПУ директоры Кирилл Осин әр түрлі қиындықтарға қарамастан, орталық қызметкерлері жетістіктерімен мақтана алатынын айтады, олар құтқарылған итбалықтарды теңізге шығарады.

— Бұрын итбалықтар теңізде қалаға жақын жерде жүзетін. Олардың қасында жүргеннің өзі бір керемет көрініс.
Соңғы 10 жылдан астам уақыт бойы біз қалаға жақын жағалауларда итбалықтарды кездестірмедік, күннен күнге азаюда. Бұған әрине, теңіз деңгейінің өзгеруі де айтарлықтай әсер етеді, – дейді ҰПУ директоры.

Соңғы 100 жылда Каспий итбалықтарының популяциясы
90% - ға қысқарды. Өткен ғасырдың басында олардың саны миллионға жетті, ал қазір тек 400 мың бас қалды. 2005 жылы Каспий итбалықтарын зерттеушілердің халықаралық тобы 100 мыңға жуық бас есептеді. Соңғы жылдары популяцияны есепке алу жүргізілмейді, ғалымдар барлық Каспий маңы елдері қолданатын бірыңғай әдістеме әзірлемеген.
Авторы: Карина Курманалина, Актау
Аударған: Мұхит Тұрсынәлі
Жаңалықтар
- «Тарихи мұра»: Қазақстандағы көне таңбалар бар жерге Қытай компаниясы зауыт салады
- Қазақстан Ауғанстандағы теміржол құрылысына жарты миллиард доллар инвестиция салады
- Тілін кесті: Ақтөбеде саябақта тоқ соққан баланың анасы кінәлілерді жазалауды талап етті
- Азаматтыққа қабылдау үшін қазақ тілі мен тарихын білу талаптары өзгеруі мүмкін
- Наразылық пен балалардың үндеуіне қарамастан, Алматыдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмек
- Қызылордада полицияны басынған жасөспірімдер мен олардың ата-аналары жазаланды
- Алматы Сеулге айналды: Үнді фильмінің түсірілімі қаланың келбетін қалай өзгертті?
- Ректор болу үшін 200 мың доллар төлеген Айман Мұсақожаева алаяқтарға жем болды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- «Ем-домды карцерде жасады»: Денсаулығы нашарлаған Думан Мұхаммедкәрімнің түрме басшылығына жазғаны
- Тасмағамбетовтің күйеу баласы украиналық «БТА Банкті» сатылымға шығарды
- «Бір кереует 1,2 млн теңге»: Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасындағы былық ашылды
- «Азаттық радиосы» журналистері Сыртқы істер министрлігін сотқа бермек
- Алматы тауларында жоғалған ҚБТУ студентінің мүрдесі табылды
- Дикий Арманның сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды
- Тоқаев Назарбаев айырылған лауазымға ие болды
- Ресейде тағы бір қазақстандықты «мемлекетке опасыздық жасады» деп 17 жылға соттады
- Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқарып қалған тұрғын марапатталды
- Назарбаев дәуірінің ізі: ҚТЖ-ның жаңа басшысы Талғат Алдыбергенов туралы не белгілі?
- Жамбыл облысының тұрғыны көмекке келген фельдшердің кеудесіне оқ атты