Кәсіпкерден ақша бопсалаған: Маңғыстауда ҰҚК полковнигі 11 жылға сотталды

cover Фото: freepik.com

ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысының бұрынғы орынбасары Денис Анкудинов пен «Ақтау халықаралық әуежайы»  авиациялық қауіпсіздік бақылау және сапа аудиторы Константин Алферовке қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz Hronika.kz сайтына сілтеме жасап. 

Істі Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

Сот материалдарына сәйкес, 2023 жылдың тамыз айында Анкудинов өңірлік ҰҚК департаменті басшысының орынбасары қызметін атқара жүріп, Маңғыстау облысындағы белгілі кәсіпкерден 500 мың доллар бопсалаған.

Тергеу нұсқасы бойынша, ол бұл іске Алферовті тартқан. Анкудинов қызметтік мүмкіндіктерін пайдаланып, кәсіпкер мен оның туыстарының жеке өмірі туралы мәліметтер жинаған. 2023 жылдың күзінде күдікті кәсіпкердің өміріне қатысты фотосуреттер салынған конверт жіберіп, артынша 500 мың доллар талап еткен.

Кәсіпкер кездесуге келісіп, бопсалаушыларға 500 мың теңге ғана берген. Ақша берілгеннен кейін күдіктілер ұсталды. 

Сот шешімімен Анкудинов 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Алферов 8 жылға сотталды.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар