«Кәсібиліктің жоқтығы мен немқұрайлылық» — Тоқаев медсақтандыру қорындағы былықтар туралы айтты
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қызылордадағы Құрылтайда медициналық сақтандыру кезіндегі өрескел қателіктерді тілге тиек етті, деп хабарлайды Orda.kz
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын тексеру барысында ауқымды заңбұзушылықтар мен теріс пайдаланушылықтар анықталды. Құжатқа қосып жазудан бастап, бұрмалауға дейінгі былықтар белгілі болды.
«Бүкіл ел сапалы экономикалық өсім мен денсаулық сақтауды инфрақұрылымдық жобаларын дамытуға бар күшін салып жатыр. Ал әлеуметтік салаға бөлінген қыруар қаржы қолды болып жатыр. 2024-2025 жылдары тек денсаулық сақтау саласын дамытуға мемлекет 7,8 триллион теңге бөлді. Бұл 15,5 миллиард доллар», - деді Тоқаев.
Бұл ақша медицинаның дамуы мен қазақстандықтардың денсаулығы үшін бөлінген. Алайда олардың бір бөлігі жай ғана жымқырылған.
Тоқаев құқық қорғау органдарына сыбайлас жемқорлық схемаларының барлық пайда алушыларын анықтауды тапсырды. Сондай-ақ, ол Үкіметтің МӘМС қорын Қаржы министрлігінің қарамағына беру туралы шешімін қолдады.
«Қорда болған жағдай - мемлекеттің мүддесіне немқұрайлы қараудың салдары», - деді президент.
Оның айтуынша, әлеуметтік саладағы осындай алаяқтық әрекеттер қазірдің өзінде ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіріп отыр.
Еске салсақ, олардың қатарында жалған пациенттерді тіркеу, ер адамдардың әйелдерге арналған скринингтерден «өтуі», балаларға бір күнде мыңнан астам дәрі-дәрмек жазу, тіпті қайтыс болған адамдарға медициналық қызмет көрсету фактілері болған.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады