Қаржы пирамидасын ұйымдастырған ағайындылар 45 мың жылға сотталды

cover Фото: gazetaoksijen.com

Түркияда қаржы пирамидасын ұйымдастырған ағайындылар мен тағы бірнеше адам 45 мың жылға сотталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

 Сот үкімі 3 ақпан кешке Cтамбұлда шықты. Ағайынды Мехмет Айдын мен Фатих Айдын 45 мың 376 жылға сотталды. 

Сот мәліметі бойынша, олар 2016 жылы «Фермерлер банкі» компаниясын құрып, ақша жинай бастаған. Ағайындылар фермерлерге шаруа қожалықтарын құрып беруге уәде берген. Халық оларға 2 жыл бойы ақша аударып келген. Алайда ешқандай қожалық құрылмаған. 2018 жылы  олардың үстінен арыз түседі. Сол жылы тергеу басталды.

Ағайындылардан бөлек олардың 11 серіктесі де кінәлі деп танылды. Сотта ағайынды Айдындар ғана болған. Өзге күдіктілерге халықаралық іздеу салынған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар