«Қарасора – 2024» операциясы: 15 тоннадан астам есірткі
Фото: Бейнеден кадр
Маусым айының басында республикалық «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Ауқымды операция арқасында 15 тоннадан астам есірткі заңсыз айналымнан шығарылды.
Бұл туралы ІІМ хабарлады.
«Операцияның белсенді кезеңіне ерекше көңіл бөлінуде, ол тамыз-қыркүйек айларына сәйкес келеді. Бұл кезде есірткі жинау және дайындау қаупі артады, яғни есірткі құрамындағы өсімдіктердің өсуі мен пісу кезеңі болып отыр. Жедел топтар осындай өсімдіктер өсетін және өсірілетін аймақтарға мониторинг жүргізіп, арнайы рейдтік іс-шаралар өткізуде» деп атап өтті ІІМ-нің есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті.
Қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында тікұшақтар мен «Бүркіт» арнайы жасағы күштері мен құралдары қолданылып, ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы әуе барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Әуеден барлау басталғалы Алматы облысы мен Жетісу облысында 20-дан астам тікұшақ рейсі ұшты. Сондай-ақ, Түркістан, Қызылорда және Ұлытау облыстарында да әуеден бақылау жүргізіліп жатыр. Ұшулар нәтижесінде 1,2 тонна салмағы бар 9 мыңнан астам қарасора бұтасы және 250 кг салмағы бар 4 мыңнан астам көкнәр өсімдігі тәркіленді. Қылмыс орнында 14 есірткі дайындаушы, оның ішінде бір іздеуде жүрген адам ұсталды. Операцияның 70 күнінде республика бойынша 450 есірткі қылмысы анықталып, оның 106-сы сату, 77-сі аса ірі көлемде сақтау, 43-і контрабанда және 102-і есірткі құрамындағы өсімдіктерді өсіру фактілері болды. «Қарасора – 2024» операциясы барысында заңсыз айналымнан 15 тоннадан астам есірткі тәркіленді.
«Алматы облысындағы Балқаш көлінің бару қиын аймағында, құмда 7 есірткі дайындайтын топ ұсталды. 5 мыңнан астам қарасора бұтасы өсірілген ірі есірткі плантациясы анықталды. Тергеу барысында қылмыстық істің басты күдіктісі бұл аймақта есірткі құрамындағы өсімдіктерді өсіруді ұйымдастыруды ұзақ уақыт бойы ойластырғанын және егістікке мұқият дайындалғанын мойындады. Өз мақсатына жету үшін қаскөй тіпті үйін сатып, алынған қаражатқа қажетті жабдықтар мен тұқым сатып алып, 10 миллион теңгеден астам қаржы жұмсап, маусымдық жұмысқа жақтастарын шақырған. Қазіргі уақытта барлық қатысушылар қамауда отыр. Оларға 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр» деп хабарлады ІІМ-нің есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті.
Жаңалықтар
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты