Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 283 мылтық тәркіленді

cover Коллаж Orda.kz

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған  жалпы саны 58 Калашников автоматы, 283 мылтық, 164 тапанша, 115 гранат және әртүрлі калибрдегі 15 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді, деп хабарлайды Orda.kz.  

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруларды іздеу және заңсыз айналымнан тәркілеу бойынша арнайы операциялар әлі де жалғасып жатыр.  

«Қарудың заңсыз айналымын жасаған 7 арна құрықталды. Сонымен қатар, ішкі сатылым бойынша тағы да 7 арна және оны қолдан жасап шығаратын 4 шеберхана жойылды. Қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-шаралар жалғасуда», - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.  


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар