Қанды түннің үкімі: Шерзат Полатты өлтіргендер 7 жылдан 23 жылға дейін сотталды
Коллаж: Orda.kz
Талдықорғанда өтіп жатқан 16 жасар Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот ісі аяқталды. Судья сот үкімін оқыды. Шерзатты өлтірді деген басты күдіктінің бірі Абзал Шынасылға сот 23 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады, деп хабарлайды Orda.kz.
Cудья Ержан Жанұзақов екі ай бойы аптасына екі мәрте өткен бүкіл елдің назарында болған сотта Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотталушылардың үкімін оқыды.
- Абзал Шынасыл – ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі (кісі өлтіру), 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), 24-баптың 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және оқталу) бойынша – 23 жыл;
- Равиль Сакиев – 99-баптың 2-бөлігі, 293-баптың 3-бөлігі, 24-баптың 3-бөлігі (кісі өлтіруге оқталу) бойынша – 20 жыл;
- Дидар Қалиахмет – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл;
- Нұрбол Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл;
- Дархан Әскентай – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл;
- Шыңғыс Белғожаев – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл;
- Нұрқияс Ілиясов – 293-баптың 3-бөлігі – 9 жыл;
- Азамат Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бап (ұрлық) бойынша – 15 жыл;
- Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау) – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Айта кетейік, бұл оқиға қазақ қоғамын дүр сілкіндіріп, қызу талқыға түсті. Оқиға былтыр Талғарда 4 қазан күні болды. Бір топ адам, соның ішінде осы сотталушылар бар дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды. 12 қазан күні Азат ауылындағы марқұм болған Шерзаттың отбасының үйі өртеніп кетті.
Жаңалықтар
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді