Қанды Қаңтар: Археологтың қазасы бойынша сот бітуге таяу қалғанда неге жабық өтеді?
Коллаж Orda.kz
Қанды қаңтарда қаза тапқан археолог Ерлан Жағыпаровтың ісі бойынша сот процесті жабық режимде өткізу туралы шешім қабылдады,деп хабарлайды Orda.kz.
Мұндай шешімді бүгін Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы Айдар Секенов қабылдады. Ол қылмыстық іс материалдарын жабық режимде зерттеу туралы қорғаушы тараптың өтінішіне және қылмыстық-процестік кодексінің «Құпиялылықты сақтау» 47-бабының 5-тармағына сілтеме жасады.
Аталған баптың нормасы бойынша, «мемлекеттік құпия болатын мәліметтерді қамтитын дәлелдемелер соттың жабық отырысында зерттеледі». Судьяның бұл қаулысы прокурордың өтініші бойынша шағымдануға және қайта қарауға жатпайды.
Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Сәуле Көпжанова сот қаулысымен келіспейтінін әрі сот процесін жабық етуге ешқандай негіз жоқ екенінжеткізді.
«Сот айтқандай, істе қызметтік қолданыстағы құжаттар болса, ол сәттерді зерттеу барысында жай ғана журналистерді уақытша шыға тұруына да болатын еді. Қазір таңда куәгерлердің 80-90 пайызы сұралып бітті, зейнетке шыққан бір полиция қызметкері ғана қалып еді. Алайда, ол зейнетке шықса, онда кім қауіп төндіреді? Біз бе? Прокурор немесе әріптесім бе, әлде журналистер ме? Біз, әрине сот шеміміне үзілді-кесілді қарсымыз», — деді Көпжанова.
Еске салсақ, Қаңтарда қаза тапқан екі алматылық — Ерлан Жағыпаров пен Әуез Қапсаланов ісі бойынша сот процесі 2024 жылдың желтоқсанында басталды.
Алғашқы отырыста мемлекеттік айыптаушы мен қорғаушы тарап 26 томнан тұратын қылмыстық істе «Қызметтік пайдалану үшін» белгісі бар құжаттардың болуына байланысты процесті жабық режимде өткізуді сұраған. Жәбірленуші тарап бұған қарсы шықты, ал судья БАҚ өкілдеріне (құпия материалдарды зерттеу процесінен басқа) сотқа қатысуға рұқсат берді.
Ерлан Жағыпаров «Петроглифтерді іздеушілер» қоғамының танымал еріктісі және Арқарлы шатқалындағы тарихи ескерткіштерді қорғау науқанына қатысушы ретінде танылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық