Кәмелет жасқа толмаған қыз қаза тапты: Ұлынан айырылған ана әділдік іздеуде
Фото: ИИ
2025 жылғы 30 қараша күні шамамен сағат 03:10-да Алматы облысының Жамбыл ауданында «Қарғалы – Қаскелең – Мыңбаев» автожолында Mazda 626 маркалы автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Көлік тізгінінде 1988 жылы туған Рүстем Мамедов болған. Ол жолдағы кедергіге соғылып, көлік аударылған. Orda.kz тілшісіне апаттан қаза тапқан 22 жастағы Рустемнің анасы сұхбат беріп, баласына жала жабылып отырғанын айтты. Тіпті анасының қолындағы бейнежазбадан баласының артқы терезеден ұшып кеткені де көрінеді. Сонымен қатар көлікте бес адам болған оның екеуі кәмелеттік жасқа толмаған балалар, оның біреуі 16-да, екіншісі 17 жастағы қыз балалар. 16 жастағы қыз оқиға орнында қаза тапқан.
Ресми дерекке сәйкес, жол апаты салдарынан екі жолаушы — Р.Б.Рейдаров және 2009 жылы туған кәмелетке толмаған М есімді қыз қаза тапты. Жүргізуші дене жарақатын алған. Медициналық куәландыру қорытындысына сай ол жеңіл дәрежеде мас болған. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
Алайда марқұм 22 жастағы Рүстемнің анасы Гейдарова Гитаның айтуынша, оқиғаға қатысты шындық мүлде басқаша.
Оның сөзінше, жол апаты 25 қарашаға қараған түні болған. Сол түні Алматы облысы Жамбыл ауданында 16 жастағы кәмелетке толмаған қыз бен 22 жастағы Рүстем қаза тапқан. Ал көліктің иесі, 41 жастағы Рүстем есімді азамат көлікті мас күйінде басқарған.
«Мен ұлымның қазасын тағдыр деп қабылдадым. Бірақ көліктің иесі келіп, «рөлде сіздің ұлыңыз болған» деп айтқанда, шыдай алмадым. Сол сәттен бастап бұл істі соңына дейін апарып, ұлымның жазықсыз екенін дәлелдеймін деп шештім», — дейді марқұмның анасы.
Гита Балабекқызының айтуынша, ұлы сол күні жұмыстан енді ғана келген.
«Ол жұмыстан келді. Мен әкемнің қасында болдым, әкем онкологиямен ауырады, үнемі жанындамын. Ұлым тіпті киімін ауыстырып та үлгермеген. Олар көлік жуатын орынның жанында отырған. Ауылымыз кішкентай, бәріміз бір-бірімізді танимыз», - деді Гита.
Оның айтуынша, сол жерде әңгіме барысында қыздар туралы сөз қозғалған. Кейін көліктің иесі бір қызға хабарласқан, бірақ ол телефонды көтермеген. Содан кейін олар Үшнағай жаққа барып, қыздарды алып, Фабричный ауылы жақтағы тауға барған.
«Ол жақта отырып, қайтар жолда көліктің иесі бес бөтелке сыра алған. Мұны ауылдағы жұрттың бәрі біледі. Куәгерлер бар. Ол өзі «үш бөтелке ғана іштім» дейді, бірақ бәрі бес бөтелке екенін айтып отыр», - деді анасы.
Қайтар жолда қыздар үйлеріне жеткізуді сұраған. Себебі ата-аналары олардың үйден шығып кеткенін білмеген. Сол кезде жүргізуші:
«Қазір бәріңді жеткізіп саламын. Екі минутта қалай жетуге болатынын, адреналинді көрсетемін, — деп, көлікті қатты жылдамдықпен жүргізе бастаған. Бейнебақылау камераларының видеосы бар. Менің ұлым артқы орында, екі қыз оның екі жағында отырған. Ал тірі қалған жігіт алдыңғы орында, көліктің иесі рөлде болған. Ол жылдамдықты арттырғанда бәрі «тоқта, не істеп жатырсың?» деп айқайлаған. Ұлым да айқайлаған, — дейді анасы.
Соқтығыс алдында көлікте отырғандар қатты шошыған. Тірі қалған қыздың омыртқасы ығысқан.
«Қыздың айтуынша, олар өте үлкен жылдамдықпен келе жатқан. Ұлым қыздар ұшып кетпес үшін екі жақтан есіктерді ұстап отырған. Жолда өте қауіпті бұрылыс бар, қиыршық тас төселген. Көлік сол жерде жолдан шығып, үш рет аударылған. Соққы кезінде ұлым алдымен мойнын сындырып алған, кейін артқы әйнек арқылы ұшып шығып, жақ сүйегі сынған. Таңға жуық бауырлары келіп, оны мәйітханаға алып кеткенін айтты. Сол кезде ғана хабар берілді, — дейді Гита Балабекқызы.
Адвокат Бабажанованың айтуынша, көліктің арқы терезесінен Гитаның ұлы ұшып кеткен, бірақ апаттан кейін көлік иесі артқы орындыққа отырып алған.
«Ол алдын ала өзінің кінәсін білген, қолымызда тіпті видео бар ол видеода анық көрініп тұр менің клиентімнің ұлы артқы терезеден ұшып кеткені. Сонымен қатар, ол полиция қызметкерлерінің келетінін біліп, артқы орынға ауысып алған. Тергеушілер оны әлі қамаған жоқ, тіпті сараптама жасатқан жоқ. Эскпертизадан алған жарақаттары арқылы білуге болады. Аман қалған жолаушылар да, яғни, куәгерлер де айтып отыр рөлде 41 жастағы көлік иесі Рүстемнің болғанын. Іс бір орында тоқтап тұр», - деді қорғаушы Гүлмира Бабажанова.
Ескерте кетер жағдай: бізге туыстары бейнежазбаны ұсынған болатын. Ол бейнежазба іске тіркелмегендіктен біз бұл видеоны жариялауға толық құқылымыз. Бұл бейнежазбаны апат болған жерде орналасқан ғимаратттан қаза тапқан Рүстемнің туыстары өздері алған екен.
Оның айтуынша, көліктің иесі бұрын такси қызметін атқарған, жұмыссыз болған. Ал оның ұлы асфальт зауытында жұмыс істеген.
Алайда қайғылы жағдайдан кейін, марқұмның анасы ауылда түрлі әңгіме тарай бастағанын естіген. Гита Балабекқызының айтуынша, көлік иесінің туыстары бірнеше рет келіп, қысым көрсеткен.
«Куәлік берме», «сот қалай шешсе, солай болсын» деп жалынды. Бірақ олар ұлымды рөлде болды деп жала жапқан соң, мен міндетті түрде оның кінәсін дәлелдеймін деп шештім. Мен ұлымды ақтаймын. Ол рөлде болған жоқ. Ұлым адал еді. Мен соны дәлелдеу үшін соңына дейін барамын, — дейді анасы.
Марқұм Рүстемнің орта білімі болған, әскерде бір жыл қызмет еткен, соңғы үш жыл асфальт зауытында жұмыс істеген.
Orda.kz редакциясы Алматы облыстық полиция департаментіне сауал жолдады, олар сауалға шамамен күнде жауап берді.
Сонымен қатар біздің сауалден кейін көліктің иесін қамауға алды десек те болады.
«Қарағанды облысының «Қарғалы – Қасымбек – Мыңбаев» автожолының 6 шақырымы мен 550 метрінде 2025 жылғы 30 қарашада болған жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық істі тіркеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, Mazda 626 маркалы автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, бұл көліктің аударылуына себеп болды. Оқиға орнында алған дене жарақатынан екі жолаушы қайтыс болды, ал тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу барысында толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті барлық тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу жалғасуда», - деп жауап берді полиция департаменті.
Әлі де тергеу жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық аспектілері зерттелуде. Осы қайғылы жағдай жергілікті қауымдастықта үлкен талқылау мен түсініспеушілік туғызды, өйткені көлік иесінің әрекеттері мен оқиғаға қатысты түрлі болжамдар мен мәлімет айтылып жатыр. Orda.kz бұл оқиғаны назарда ұстайтын болады.
Жаңалықтар
- Серік Сәпиев өзінің орынбасарымен болған жанжалға қатысты пікір білдірді
- Кәмелет жасқа толмаған қыз қаза тапты: Ұлынан айырылған ана әділдік іздеуде
- Мас кезінде көлік айдаған судья жұмысынан босатылды
- «Шымкенттегі бойжеткеннің қазасы»: Нұрайдың өліміне қатысты жаңа баппен іс қозғалды
- Балқаш ЖЭО-сы экологиялық заңбұзушылықтар үшін 21 млн теңгеге жуық айыппұл төледі
- Қарағандыда Серік Сәпиев өз орынбасарымен төбелесіп қалды
- Шарлапаев «Атамекен» ҰКП-ның төрағасы болып сайланды
- Оралда қатарласына қоқан-лоққы көрсеткендердің үстінен қылмыстық іс қозғалды
- Ақорда: Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне жарна төлемей-ақ мүше болды
- Яна Легкодимованың өлімі: Өмір бойына сотталған екі жігіт апелляцияға арыз берді
- Еліміздегі барлық банктерге тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесіне қолжетімділік берілді
- Алматыдан 282 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді
- Тоқаев Давоста Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылатыны туралы құжатқа қол қойды
- Үйге қамап, қонаққа кеткен: СҚО-да өрттен қаза тапқан қыздың анасы қамауға алынды
- Тақырып «Украина мәселесін реттеу» болмақ: Зеленский келіссөз үшін Швейцарияға келді
- Жамбыл облысындағы оқу-жаттығу жиындарынан кейін 22 жас спортшы ауруханаға түсті
- Ерлан Жетібаев Қазақстан СІМ ресми өкілі болып тағайындалды
- Теңіз кен орнындағы өртті тергеу үшін комиссия құрылды
- Отбасы банк жеңілдетілген ипотекаға кедергі болатын тұстарын алып тастады
- Қазақстан мен Франция заңсыз мигранттарды алмастырады