Қайрат Садықов қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды
Фото: Қорғаныс министірлігі
Қайрат Садықов ҚР қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкімімен Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Айта кетейік, генерал-майор Қайрат Садықов 1967 жылы 14 сәуірде ШҚО, Зайсан ауылында дүниеге келген. Орынбор әскери училищесін, Ұлттық қорғаныс университетін және Д.А. Қонаев атындағы университетті бітірген. Философия ғылымдарының кандидаты.
Әуе қорғанысы күштерінде түрлі басшылық лауазымдар атқарған. 2023 жылдан бері – Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы бастығының бірінші орынбасары – штаб бастығы болды. «Айбын» II дәрежелі орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және басқа да марапаттармен наградталған. Қазақ және орыс тілдерін меңгерген. Отбасылы, балалары бар.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады