«Қайрат» – «Реал» матчы кезінде Qazaqstan мен Qazsport сайттары істен шықты
Фото: скриншот QazSport
Алматыда «Қайрат» – «Реал» ойыны барысында Qazaqstan және Qazsport телеарналарының сайттарына кіру мүмкін болмай қалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Онлайн көрсетілімді қосқан сәтте Qazaqstan телеарнасының сайтында «Сервер табылмады» деген хабарлама шықты. Qazsport сайтына кіргенде «Серверден жауап күту уақыты аяқталды» деген жазба пайда болды.
Кей кездері трансляция қосылғанымен, ол өте сирек болды.
Чемпиондар лигасының екінші турындағы «Қайрат» – «Реал» кездесуі Алматының Орталық стадионында 21:50-де басталды. Бұл ойын тарихи саналады, себебі әлемнің ең беделді клубтарының бірі – «Реал Мадрид» Қазақстанға алғаш рет негізгі құрамын әкелді.
Кездесуге деген қызығушылық ерекше болды. Матч өтетін күні стадион маңында көрермендер көп жиналып, кіреберісте кептеліс туындағаны бейнежазбаларда анық байқалды. Сондай-ақ ойынды көру үшін Алматыға шетелдік жанкүйерлер де келген.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады