«Қайрат» - «Реал Мадрид» айқасы жеңіліспен аяқталды: Мбаппенің хет-тригі мен Қалмұрзаның қарымды сейвтері

Алматыда өткен тарихи матчта «Қайрат» алғашқы минуттарда жанкүйерлерін жігерлендіргенімен, екінші таймда «Реалдың» қарқынына төтеп бере алмады. Чемпиондар лигасының екінші турында алматылықтар 0:5 есебімен есе жіберді. Мбаппенің хет-тригі мен Шерхан Қалмұрзаның сейвтері — тарихи түннің басты эпизодына айналды.
«Қайрат» бапкері Рафаэль Уразбахтин «Реалдың» құрамы 400 млрд, ал «Қайратікі» 12 млн екенін айтып, тек осындай ойындар арқылы ғана қазақстандық футбол өсетінін жеткізді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жалпы тарихи ойын күтпеген жерден «Қайраттың» шабуылдарымен басталды. 10-шы секундта-ақ Куртуа қақпаға соққы тойтарды. Жоржиньо да алыстан қарсыластың қақпасына қауіпті допты тепті. «Қайрат» тіпті жоғары прессингке де барды. Бірақ 13-минутта Винисиус қақпашымен бетпе-бет шығып, сәтті пайдалана алмады. Кейіннен Мбаппе белсенділік танытып, қақпаға бірнеше рет қауіп төндірді. Дегенмен де, Мбаппе алған бетінен қайтпай есеп ашты. Бірінші тайм, 0:1есебімен аяқталды.

Екінші таймда Куртуа қарапайым допты алға тебумен-ақ Мбаппеге голға пас шығарды. Француз біздің қорғаушыларды қапы қалдырып, есепті 0:2 қылды. Ал 74-минутта Родриго бірнеше қарсыласын алдап, Мбаппеге тамаша пас берді — француз хет-трик жасады.
80-минутта Мбаппе алаңнан кетсе де «Реалдың» қарқыны тоқтамады. Родригоның пасынан Камавинга төртінші гол соқты. Қосымша уақытта Браим Диас бесінші голды енгізіп, есепті тіпті еселеп жіберді.

«Қайраттың» екінші таймдағы ойында күшінің жетіспеушілігі «Спортингпен» болған жағдайды қайталады.
Алайда, тарихи ойында 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрза жайлы айтпай кетуге болмайды. Ол ойын басатала салысымен бірінші таймның басты қаһарманына айналды. Жас голкипер жұлдызды қарсыластардың соққыларын қайтарып, суыққанды ойынымен жанкүйерлердің қошеметіне бөленді. Оның әрбір сейфі трибунада отырған жұртшылықты дүр сілкіндірді. Екінші таймда да Қалмұрза барынша қарқынды түсірмеуге тырысқанымен қарсыластың қарымды шабулдарына төтеп бере алмады.

«Реалдың» құрамы — 400 жүз млрд тұрады, ал біздікі — 12 миллион – Уразбахтин
«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Лига чемпиондарындағы «Реалға» қарсы ойынның қиын болғанын ашық айтты.
«Жігіттер белсенді бастау керек деп тұрды. Біз тіпті бірінші минутта гол соға алатын едік. Мұндай қарқында, мұндай қарсыласқа қарсы ойнау өте ауыр. Біздің чемпионатта ондай жылдамдық жоқ. Қолдан келгенше тырыстық. Белсенді түрде қысым жасадық. Шаршаған сәтте екінші аймаққа шегіну керек болды. Біз «Реалдың» алғашқы шабуылдарымызға төтеп беретініне алдын ала ойлағанбыз. Сосын олар допты өз қолына алатынын да білдік. Стандарттардан мүмкіндігімізді барынша пайдалағымыз келді, бірақ болмады», — деді Уразбахтин.
Сонымен қатар, Orda.kz тілшісі «Қайраттың» бас бапкерінен Лига чемпиондағы екі ірі жеңілістен кейін жігіттердің, жалпы команданың рухы түсіп, сағы сынып қалмай ма деп сұрастырды.
«Жігіттер де, біз де бәрін жақсы түсініп отырмыз. Білесіздер ғой «Қайрат» пен «Реалды» салыстыруға келмейді. Шындықтың көзіне тіке қарайық, «Реалдың» құрамы — 400 жүз млрд тұрады, ал біздікі — 12 миллион. Қазақстандағы кез келген клубтың мақсаты — осындай турнирлерге мүмкіндігінше жиі қатысып, осындай командаларды елге әкелу. Өткен маусымда «Астана» «Челсиді» алып келген. Сонда ғана назар болады. Стадиондар салынады, бізге қарсылас әкелгенде ұялмайтындай боламыз. Тек осындай ойындар, осындай бәсекелестік арқылы дамимыз. Иә, жеңілістер болады, бірақ солардың арқасында біз күшейеміз. Бір сәттерде біз де қарсыластарымызды ұта бастаймыз», — деді Уразбахтин.
Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңнің 1-турында қазақстандық команда сырт алаңда «Спортингтен» 1:4 есебімен жеңілген еді.

Ал «Реалдың» бас бапкері Хаби Алонсо «Қайрат» командасының бірінші таймдағы қарқынына таң қалғанын айтты.
«Қайрат» Чемпиондар лигасында ойнауға әбден лайық. Бұл ойынның мұндағы адамдар үшін қаншалықты маңызды екенін көрдік. Атмосфера керемет болды. Бар жақсылықты тілеймін. «Қайратқа» сәттілік!Әлбетте, матч басында бізге жайсыздау болды. «Қайраттың» бір-екі рет қақпашымен бетпе-бет шығу сәттері болды. Ондай мүмкіндіктер жүйені бұзады. Басында біз «Қайраттың» қарқынына таңғалдық», деді Алонсо.
Осылайша, ел болып күткен тарихи матч көзді ашып-жұмғанша өтіп кетті. Чемпиондар лигасындағы екінші жеңіліске қарамастан жанкүйерлердің «Қайратқа» айтар алғысы шексіз екені ойыннан соң да байқалды. Не дегенмен алматылық клуб қалаға «Реал Мадридті» әкелді. Енді алда алматылықтарды тағы бір қызу матч күтіп тұр. «Қайрат» — «Брюгге» матчы 20 қаңтар Алматының Орталық стадионында өтеді.
Жаңалықтар
- «Қайрат» - «Реал Мадрид» айқасы жеңіліспен аяқталды: Мбаппенің хет-тригі мен Қалмұрзаның қарымды сейвтері
- Алматылық «Қайрат» «Реал Мадридтен» 0:5 есебімен ұтылды
- «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчындағы үзіліс: есеп 0:1
- «Қайрат» – «Реал» матчы кезінде Qazaqstan мен Qazsport сайттары істен шықты
- «Қайрат» пен «Реал Мадридтің» алаңға шығатын ойыншылары анықталды
- Хасан Қасымбаевтың жартылай жабық соты: Тергеуші адвокатқа ескерту беруін сұрады
- БАҚ өкілдеріне ештеңе естілмейді: Сот Хасан Қасымбаев пен жәбірленуші Аюпжан Тәжиевті беттестірді
- Теңгенің неге күрт құлдырағаны белгілі болды
- Қазақстан Ұлттық құрамасына жаңа бапкер тағайындалды
- Алматы – Бішкек тас жолындағы апат: 8 адам қаза тауып, 2 адам ауруханаға жеткізілді
- Атырауда 8 жастағы қызды 38 жастағы ер адам ұрламақ болды
- Қазақстанда «жыр» болған 600 мыңның торты: Сот басталды
- «Реал Мадрид» «Қайратты» ойсырата жеңді
- «Өлді деп ойлап орманға тастап кеткен»: Оралда 15 жастағы қызды зорлаған ер адам іздестіріліп жатыр
- Маңғыстауда мұнай өнімдері тиелген жүк көлігі аударылды
- «Реал» Алматының Орталық стадионы бойынша УЕФА-ға шағымданды
- «Өгей әкесі мен анасы да сотталсын»: Қарағандыда 15 жастағы қызға үйленген 38 жастағы ер адам сотталып жатыр
- Әскерде жүрген Нұргелді Байыш есімді тағы бір сарбаз жындыханаға түсті
- Атырау облысында бетін бүркеген төрт адам ҰҚК қызметкерлеріне шабуыл жасады
- Алматы облысында жеке кәсіпкердің үйіне ұрлыққа түскендер ұсталды