«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Спортингтен» жеңілді

cover Фото: «Қайрат» / Instagram

Футболдан Алматының «Қайрат» командасы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы матчында Португалияның «Спортинг» командасынан 4:1 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Orda.kz.

«Қайрат» чемпиондар лигасына өтіп елдің төбесін көкке жеткізген болатын. Дегенмен жарақат алған «Қайрат» құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков бұл ойынға қатысы алмады.

Осы жолы Лиссабонда өткен ойында 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмырза 21-минутта Мортен Юльманның пенальтиін қайтарды. Артынша «Спортингтің» португалиялық ойыншысы Тринсао есеп ашты. Екінші таймда Тринсао «Қайрат» қақпасына екінші голын салды. 

Ойын қызған сәтте «Спортингтің» бразилиялық Алиссон Сантос пен португалиялық ойыншысы Джовани Кенда есепті 4:0-ге жеткізді. 

Ойын соңына таман «Қайраттың» бразилиялық футболшысы Эдминсон Сантос бір гол салып, есеп 4:1 болды.

Енді «Қайрат» чемпиондар лигасында 30 қыркүйекте Испанияның «Реал Мадрид» клубына қарсы ойнайды. Бұл сайыс Алматы қаласында өтеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар