Қайрат Нұртас Денис Теннің анасына ілтипат білдірді

cover Фото: Қайрат Нұртастың парақшасынан

Танымал әнші  Қайрат Нұртас ел спортының жұлдызы, мәнерлеп сырғанаушы, марқұм Денис Теннің анасына гүл шоғын сыйлап, ілтипат білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.      

2026 жылғы 20 ақпанда Instagram желісінде жарияланған видеода әнші жуырда біздің Михаил Шайдоров Миланда өткен Олимпиада ойындарында жеңіске жеткенін еске салды. Алайда бұл жолы ол арнайы Денис Теннің анасы Оксана Тенге сәлем беруге келгенін айтты.

Видеоға Денис Теннің сұхбаттарының бірінен алынған әсерлі сөздері қоса берілген. Онда спортшы өзінің болашақ миссиясының сәтті орындалатынына сенім білдіреді. Сондай-ақ ол елімізде өзіндей ел намысын қорғайтын, жаңа медальдар әкеліп, халыққа қуаныш сыйлайтын спортшылар көп болатынына үміт артқан.

Қайрат Нұртас Оксана Тенге гүл шоғын табыстап, жүрекжарды лебізін білдірді.

«Сізге рақмет. Біз сізді жақсы көреміз. Сіз — біздің анамыз. Қазақ халқының анасысыз... Анашым, мен сізді жақсы көремін, кез келген уақытта хабарласыңыз», — деді ол.

Өз кезегінде Оксана Тен Денистің Қайраттың шығармашылығын жақсы көргенін, оны құрметтеп, өз еңбегімен жетістікке жеткен музыкант әрі тұлға ретінде бағалағанын айтты.

«Батырды дүниеге әкелген Денис Теннің анасы — халқымыздың мақтанышы. Біздің қаһарман мәңгі жүрегімізде» деп жазды Нұртас бейнежазба сипаттамасына.

Бұған дейін Михаил Шайдоров та Олимпиададағы жеңісіне Денис Теннің қосқан үлесін ерекше атап өткен еді.

Айта кетейік, дарынды қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен автокөлігінен айна ұрламақ болған қылмыскерлермен болған қақтығыстан кейін көп қан жоғалтып, көз жұмды. Спортшы небәрі 25 жаста еді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар