«Қайрат» командасы «Реал Мадридке» қарсы матч алдында жанкүйерлерге ескерту жасады

cover Фото: sports.24

«Қайрат» командасы «Реал Мардридпен» ойыны қарсаңында жанкүйерлерге алаяқтық туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Orda.kz.

Клуб ресми сайттардан алынбаған билеттердің жарамсыз болатынын айтып, ондай билет алған адамдардың ойынға кіре алмайтынын мәлімдеді. Сондықтан олар билетті тек қана өздерінің ресми сайтынан ғана алуға шақырады.

Тілге тиек етейік, билетті сатып алу 23 қыркүйек күні кешкі сағат 17:00-де басталады. Ал матчтың өзі 30 қыркүйек күні орталық стадионда өтеді.

Айта кетейік, журналист Асылхан Мамашұлы «Қайрат» футбол клубының әр ойыншысына пәтер сыйлауды уәде етсе, Тұрсынғали Алагөзов әр футболшыға бір-бір автокөліктен мінгізетінін айтқан болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар