«Қабағым жарылды»: Ләйлә Сұлтанқызы FlyArystan-ның үстінен арыз жазды
Фото: instagram / Ләйлә Сұлтанқызы
FlyArystan әуекомпаниясы тағы да дауға қалды. Шымкент-Астана бағытында ұшқан журналист Ләйлә Сұлтанқызы басына қатты зат құлап, жарақат алғанын хабарлады.
Бұл туралы ол өзінің instagram парақшасында жариялады.
Оның айтуынша, бортсеріктер алғашқы көмек көрсете алмаған, себебі бортта дәрі-дәрмек жинақтамасы мен мұз болмаған.
«Мен FlyArystan-ның үстінен арыз жаздым! Бүгін кешкі 21:50 шамасында KC7326 рейсімен Шымкенттен Астанаға ұшып келдім. Ұшақтың есігі ашылмай жатып тұрып кеткен жанымдағы жолаушының абайсыздығынан бетіме үстіңгі сөреде тұрған ауыр (қатты) зат отырған маған құлап, КӨЗІМНІҢ ТҰСЫН ЖЫРЫП, ҚАБАҒЫМ ЖАРЫЛДЫ. Бұл FlyArystan әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан орын алған жағдай. Бордсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтататын, не салфетка жоқ», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.
Сондай-ақ, ол өзінің орнында қарт кісі немесе бала отырса жағдай қиын болатынын айтты. Бұл жағдайды жауапсыздық деп сынады.
«Меніңше, орнымда бала, қарт адам отырып, басы жарылса, қатты жараланса, миы шайқалса, көп қан кетсе, жағдай қиын болар еді. Жауапсыздық! Әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті!», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.
Еске сала кетсек, Orda.kz FlyArystan әуе компаниясының Астана әуежайында кәмелетке толмаған 12 жасар жолаушыны жалғыз қалдырып ұшып кеткені үшін жауапқа тартылғаны жайлы жазған болатын.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады